Демалысты қалай өткіздім? №4 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)

 Демалысты қалай өткіздім? №4 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Демалысты қалай өткіздім? №4
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
2.1 Сөздік қорды толықтыру
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
мұғалімнің қолдауымен берілген тақырыпқа тірек сөздерді қолданып мәтін құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
берілген тақырыпқа тірек сөздерді қолданып мәтін құрастырады.
Оқушылардың кейбірі:
берілген тақырыпқа тірек сөздерді қолданып мәтінді түрлі формада құрастырады.
Сабақ барысы: «Шаттық шеңберіне» шақыру
Оқушылар бір-бірімен амандасады. Амандасу сөздерін еске түсіреді:
Армысың!
Сәлем!
Қайырлы күн!
Сәлеметсіз бе!
Амнсызсыз ба!
Қайырлы күн!
Қайырлы кеш! т.б.
Қызығушылықты ояту
(Ж) «Кластер» құрастыр.
«Демалыс орындары» сөзінің айналасына тірек сөздер жаз.
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
• Тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданамын;
• тірек сөздерді қолданып мәтін құрастырамын.
Мағынаны тану
(Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту
Алаң – не?
арала – не істей?
Дамыту жолдары:
˗ сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
˗ сұрақ қою арқылы бағыттау;
˗ сөздермен сөйлемдер ойластыру;
˗ дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
˗ сөздерді дауыстап айтқызу.
(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын
Қашан? (уақыт, мезгіл) Қайда? (мекен, жер) сұрақтарын тақтаға жазып, мағынасын ажырату үшін мысалдар беріледі. Оқушыға мектепке деген сөз берілсе, ол қайда? деп жауап береді.
Мысалы: алаңға, кешке, көшеге, қазір
1-тапсырма:
(Т) «Алаң» және «аралау» сөздеріне мағыналас сөздер және сөз тіркестерін ойластыр.
Мысалы:
Көше, аула, ойын алаңы, үй алаңы, сауда алаңы, аумақ, жер т.б.
қыдыру, көру, тамашалау, демалу, серуендеу, жүру т.б.
Кері байланыс
Тапсырма қызықты болды ма?
2-тапсырма:
(ЖЖ) Тірек сөздер негізінде сұхбат құрастыр.
Тірек сөздер: алаң, аралау
Қажетті сұрақтар: қайда? қашан?
Үлгі:
˗ Сен қайда бара жатырсың?
˗ Мен алаңға бара жатырмын.
˗ Онда не істейсің?
˗ Көше аралаймын.
˗ Үйге қашан келесің?
˗ Үйге кешке келемін......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 819



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі