12-сабақ Бұл кісі – суретші (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

 12-сабақ Бұл кісі – суретші  (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: 12-сабақ Бұл кісі – суретші
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
3.1.1.1* анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау.
3.5 Түрлі дереккөздер ден қажетті ақпаратты алу
3.3.5.1* сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу.
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.4* мұғалімнің қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану.
Сабақ мақсаттары:
1. Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну, соған сәйкес әрекет жасау.
2. Тақырыпқа қатысты ақпараттарды анықтау.
3. Сөйлеу және жазу барысында жіктеу есімдіктерінің септеулі түрін дұрыс қолдану.
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, берілген тапсырмаға сәйкес әрекет жасайды, жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздер негізінде сөйлейді, жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша өз ойларыммен бөліседі, басқа оқушылардың ойларын толықтырады.
Сабақ барысы: Үй тапсырмасын тексеру. «Сақина салмақ» ойыны. Бұл ойын ережесі бойынша кімнің қолында сақина қалса, сол үй тапсырмасын айтады. Бауыржан Момышұлы туралы фотоколлажын қорғайды.
Ой қозғау. Интербелсенді тақтағы суреттер арқылы оқушыларға тараудың тақырыбын болжату. Сұрақтар қойып, оқушыларды коммуникативтік қатынасқа тарту. Мұғалім оқушылардан: «Суреттен нені көріп тұрсыңдар? Сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? Бүгін кім және не туралы айтамыз?», – деп сұрайды.
Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.
Сабақтың тақырыбы: «Бұл кісі – суретші»
ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ –
ҚАЗАҚТЫҢ
АТАҚТЫ СУРЕТШІСІ
Сабақтың мақсатымен таныстыру
1. Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну.
2. Тақырыпқа қатысты ақпараттарды анықтау.
3. Сөйлеу және жазу барысында жіктеу есімдіктерінің септеулі түрін дұрыс қолдану.
(Ө) Тыңдалым. Оқушылар мәтінді екі рет мұқият тыңдайды.
• Берілген сөйлемдерді мұқият тыңдап, «дұрыс» немесе «бұрыс» картасын көрсетеді.
• «Дұрыс/бұрыс» ойыны ойналады. Мәтін бойынша 1 дұрыс, 1 бұрыс сөйлем құрастырады. Сөйлемдерің жұбыңа жасырады. Оның сөйлемдерін тыңдап, дұрыс/бұрыстығын анықтайды.
Дескриптор:
- мәтіннің мазмұнына сәйкес дұрыс сөйлемдерді анықтайды;
- мәтіннің мазмұнына сәйкес емес бұрыс сөйлемдерді анықтайды;
- мәтін бойынша дұрыс/бұрыс сөйлемдер құрап айтады.
Оқушылар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды.
(Ж) Оқылым. Оқушылар мәтінді рөлге бөліп, дауыстап оқиды. Экпрессивті мәнді сөздерді қажет жерінде сол мәнерде оқып шығулары қажет.
Оқылымнан кейін мәтін мазмұнын қаншалықты түсінгендерін, негізгі ақпаратты қалай қабылдағандарын тексеру үшін сұрақтар қойылады.
1. Сұрақтарға жауап береді:
Диалог кімдер арасында жүріп жатыр?
Анасы Әлиге не айтты?
Әли анасына не айтты?
Әлиге суретшінің қай туындысы ерекше ұнады?
2. Мәтін ішінен жіктеу есімдігінің септеулі түрін табады. «Мен» есімдігін басқа септіктер бойынша ауызша түрлендіріп шығады.
(Ұ) Айтылым. Оқушылар сурет бойынша сұрақтарға жауап береді.
Әбілхан Қастеев Мақта жинау, 1935 ж.
Түрксіб, 1969 ж. Амангелді сарбаздары, 1970 ж.
Шоқан Уәлиханов, 1951 ж. Жас Абай, 1945 ж.
Әбілхан Қастеев деген кім?
Ол кісі туралы не білесің?
Ә.Қастеевтің қандай туындылары бар?
Суретші кімдерді бейнелеген?.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 042



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!