Қазақтың тұңғыш ғарышкері № 7 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

 Қазақтың тұңғыш ғарышкері № 7 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Қазақтың тұңғыш ғарышкері № 7
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.1 Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу
2.1 Сөздік қорды толықтыру
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
4.4 Каллиграфиялық дағдыларды дамыту
3.4.4.1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мәтінді мәнерлеп оқиды, тақырыпқы қатысты сөздерді табады, сөздерді дұрыс жазады
Оқушылардың көпшілігі:
Сөйлеу барысында сөздерді орынды қолданады, жазуда каллиграфиялық нормаларды сақтайды
Оқушылардың кейбірі:
Сөйлеу барысында тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданады және сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды, жазуда каллиграфиялық нормаларға сай қатесіз жазады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту.
Сәлем, досым! /амандасады/
Сен қалайсың? /иықтарын қағады/
Қайда болдың? /құлақтарын тартады/
Сен келдің бе? /қолдарын жаяды/
Мен сені сағындым! /қолдарын жүректеріне қояды/
Досым саған ризамын! /құшақтайды/
Үй тaпcырмаcын «Aшық микрoфoн» әдici aрқылы текcеру. Бірнеше оқушы Әбілхан Қастеев туралы қосымша ақпаратты қолданып, әңгімелейді.
 Әбілхан Қастеев кім?
 Оның қандай суреттері бар?
 Әбілхан Қастеевтің ұстазы кім болды?
Кері байланыс: мадақтау
Сабақтың тақырыбын болжау.
Интербелсенді тақтадан Тоқтар Әубәкіров туралы «Сен білесің бе?» бейнеролигін тамашалайды.
«Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы бейнеролик бойынша оқушылар бір минут ішінде сұрақтарға жауап береді, сабақтың тақырыбы анықтайды.
Сабақтың тақырыбымен, мақсаттарымен оқушыларды таныстыру.
- мәтінді мәнерлеп оқимын;
- сөйлеу барысында тақырыпқа қатысты сөздерді дұрыс қолданамын;
- каллиграфиялық нормаларды сақтаймын.
Мағынаны тану
(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту: тұңғыш, жеке
1. Сөздердің мағыналарын түсіндіру.
Танымал – атақты - әйгілі – белгілі
Дара - жеке - дербес
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру.
3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру.
Тұңғыш бала. Тұңғыш суретші. Жеке адам. Жеке ой
4. Сөз орамдары мен сөйлемдер құрастыру.
Танымал ғарышкер. Танымал әнші. Танымал адам.
Мен танымал ғарышкермен кездестім.
Дара тұлға. Дара ұстаз. Дара автор.
Тоқтар Әубәкіров - дара тұлға.
5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу.
(Ұ) Мәтіналды тапсырма. Оқушылар жұмбақты шешеді.
Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді? (Ғарышкер)
- Қандай ғарышкерлерді білесіңдер?
Кері байланыс: «Үш шапалақ» әдісі
(Ж) Мәтінді мұқият оқиды, кестені толтыр.
Тоқтар Әубәкіров - тұңғыш қазақ ғарышкері, сынақшы-ұшқыш. Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан ғарышқа ұшты. Ғарышта 7 күн болды. Ол ғарышты зерттеді. Осы ерлігі үшін танымал ғарышкерге Халық Қаһарманы атағы берілді.
Тоқтар Әубәкіров Ғарышқа ұшқан жылы, айы Ғарышқа ұшқан жері Берілген атағы Қосымша ақпарат
кім? қашан? қайда? қандай?
 Кестеге қарап мазмұнын айт.
Кері байланыс
Кестенің пайдасы болды ма? Неге?.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 972



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?