Тұңғыш ғалым (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

 Тұңғыш ғалым (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім Атақты тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Тұңғыш ғалым
Сабақтың мақсаты:
3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
3.3.3.1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау.
4.4 Каллиграфиялық дағдыларды дамыту
3.4.4.1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту.
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.
Сабақ барысы: Үй тапсырмасын тексеру. «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар кезекпен-кезек қолына микрофон ұстап, жаттап келген өлең жолдарын мәнерлеп оқиды, оны қалай түсінгендерін айтады.
Ой қозғау. Интербелсенді тақтада «ғылым», «білім», «ғалым» туралы нақыл сөздер беру арқылы оқушыларға сабақ тақырыбын болжатыңыз, коммуникативтік қатынасқа тартыңыз. Берілген нақыл сөздерді (Өнер – ағып жатқан бұлақ, // Ғылым – жанып тұрған шырақ; Ғылым – теңіз, // Білім – қайық; Өзiң бiр жақсы ғалым болсаң, // Елге мәшһүр, мәлiм боларсың) оқушыларға дауыстап оқытқызыңыз. «Сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? Бүгін кім және не туралы айтамыз?», – деп сұрап, оқушыларға сабақтың тақырыбын болжатыңыз.
Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырасыз. Сабақ мақсатын интербелсенді тақтадаға шығарып қоясыз:
Оқыған мәтіннің жанры мен түрін ажырату.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
Септік жалғауларын дұрыс қолдану.
Оқылым. Оқушыларға мәтінді оқытқызып, берілген тапсырмаларды орындатасыз. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар, бір жағынан, тақырыпқа қатысты қажетті ақпарат алса, екінші жағынан, мәтіннің жанры мен түрін ажыратуды үйренеді.
Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар өз-өздерін смайликтер арқылы бағаласын.
Жаңа сөздерді меңгерту. «Сөйлеу қабырғасында» «ғалым», «тұңғыш» сөздерінің синонимдерін (ғалым – оқымысты, білгір адам; тұңғыш – бірінші, алғашқы) беру арқылы жаңа сөздерді меңгертіңіз. «Тұңғыш» сөзінің жазылуы мен айтылуындағы ерекшелікке назар аудартыңыз. Балаларға бірнеше рет айтқызыңыз. Интербелсенді тақтада жазылуы мен айтылу транскрипциясын көрсетіп қойыңыз.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 454



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі