5-сабақ Менің досым шебер (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

 5-сабақ Менің досым шебер (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: 5-сабақ Менің досым шебер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру
Сабақ мақсаттары:
1. Шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
2. Тақырып бойынша сұрақтар құрастыру және жауап беру
3. Сұхбатқа қатысу
Оқушылардың барлығы: тақырыпқа қатысты негізгі ойды түсінеді, сөйлем құрайды.
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, мұғалімнің қолдауымен сұхбатқа қатысады.
Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтінге қатысты толықтырып өз пікірлерін айтады.
Сабақ барысы: «Комплимент». Оқушылар шеңбер бойымен отырады. Кез келген қатысушы бір жағымды комплимент айтады. Шеңберде отырған оқушылар бұл комплименттің кімге арналғанын табуы керек. Комплимент алған оқушы ойынды әрі қарай жалғастырады.
Сабақ мақсатымен таныстыру:
1. Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну.
2. Оқыған мәтіннің мазмұнын айту.
3. Сөйлемдерді дұрыс құрау.
Сабақтың тақырыбын, мазмұнын суреттер арқылы болжайды.
Бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суреттер арқылы меңгерту
Бұл – шеберхана.
Балалар қолөнермен айналысады.
(Ұ) Тыңдалым. Тыңдалымалды сұрақтар қойылады:
Шеберханада қандай заттар болады?
Қолөнермен айналысып көрдің бе?
(Ө) Тыңдалым мәтіні.
Тыңдалым тапсырмасы.
А) Мәтіндегі сөйлемдердің ретін белгіле.
Мұғалім тақтайдан әртүрлі заттар жасауды үйретеді.
Біздің мектепте шеберхана бар.
Біз құстың ұясын жасаймыз.
Бұны қолөнер дейді.
Шеберханада аралар, тақтайлар, шегелер бар.
Ә) Сәйкестендір.
Шебер Қолдан жасалатын бұйымдар.
Қолөнер Түрлі материалдардан бұйымдар жасайтын адам.
Шеберхана Қолдан түрлі бұйымдарды жасауға арналған бөлме.
Б) Тақтада көрсетілген дұрыс нұсқамен өз жауаптарын тексереді, өзін-өзі бағалайды.
(Ө) Оқылым. «Белгі қойып оқу» әдісі. Әр оқушы мәтінді оқып, мазмұнымен танысады. Оқып отырып, таныс емес сөздерге немесе түсінбеген тұстарына белгі қойып отырады. Содан кейін қабылдау деңгейі жоғары оқушылар бұл сөздерге түсінік береді. Мәтінді оқып, мазмұны бойынша «Болады, «Болмайды» деп жауап беретіндей сұрақтар құрастырады. Үлгі. Инені ауызға салуға болады ма?
Топтар бір-бірінің жұмыстарын тыңдап, «Шапалақ» әдісі бойынша бағалайды.\
«Шапалақ» әдісі арқылы жауаптарын бағалайды.
«Орташа» жауапқа 1 рет шапалақ ұру.
«Жақсы» жауапқа 2 рет шапалақ ұру
«Тамаша» «Өте жақсы» жауапқа 3 рет шапалақ ұру
(Т) Жазылым. Берілген сөздерді өзара байланыстырып, сөйлем құрайды. Тапсырманы орындап болған соң, «үздік жұмысты» анықтайды. Үздік жұмыс иесі тапсырманы тақтаға шығып оқиды.
(Ж) Айтылым. Оқулықта берілген сурет пен тірек сөздер бойынша диалог құрайды.
Тірек сөздер: қуыршақ, әдемі, жасау, қолөнер, тігу, мата, қолөнер.
Жұптар тақтаға шығып, тақырып бойынша сөйлеседі.
Төмендегі дескриптор бойынша бағаланады:
˗ тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;
˗ сұхбаттасына сұрақтар қояды;
˗ сұхбаттасының сұрақтарына жауап береді;
˗ диалогте берілген мәселелерді қамтиды;
˗ сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 187



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!