«Нұр әлем» қандай ғимарат? (ОМЖ бойынша 10-сабақ) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

 «Нұр әлем» қандай ғимарат? (ОМЖ бойынша 10-сабақ) (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері»
Сабақ тақырыбы: «Нұр әлем» қандай ғимарат? (ОМЖ бойынша 10-сабақ)
Оқу мақсаттары:
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1* мәтін мазмұнын нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру;
4.2 Оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1* оқыған/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу;
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
3.5.1.1* мұғалімнің қолдауымен көмекші сөздердің мағынасын ажырату, ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Сурет бойынша жаңа сөздерді қолданып, «Нұр Әлем» ғимараты туралы айтады.
Оқушылардың көпшілігі:
Оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауаптарды бағалайды.
Оқушылардың кейбірі:
Суреттер мен тірек сөздерді қолданып, мәтіннің мазмұнын жазады.
Сабақ барысы: «Сергіту сәті» - Үй тапсырмасын тексеру – 3 минут
Үлкен глобусты бәріміз бірге көтерейік. Саусақтарымызды аспанға қаратып, глобусты алақанымызбен ұстайық. Біз қандай ғимаратқа ұқсап тұрмыз? Бұл ғимарат туралы не білесіңдер?
«Мағынаны таны» стратегиясы бойынша жаңа сабақтың тақырыбын жариялау – 3 минут
Астанада тағы қандай әдемі ғимараттар бар? Мына суреттегі ғимарат қандай? Бұл ғимаратты білесіңдер ме?
Тақырыпты жариялау
Шарлар (глобустар) арқылы топтарға бірігу
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 3 минут
1-тапсырма. Сурет бойынша жаңа сөздерді қолданып, «Нұр Әлем» ғимараты туралы айтыңдар.
Керекті сөздер: көрме, желдеткіш, шар, ұқсайды
Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізіле
2-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтар құрастырыңдар және жауаптарды бағалаңдар.
«Нұр Әлем» ғимараты
Бұл – «Нұр Әлем» ғимараты. «Нұр Әлем» ғимараты Астанада орналасқан. Ғимараттың сәулетшісі кіші Альберт Шпеер.
Ғимарат үлкен шарға ұқсайды. Ғимараттың диаметрі – 80 метр, биіктігі – 100 метр. Ғимарат шыныдан жасалған.
Ғимараттың жанында адамдар көп. Ғимараттың ішінде көрмелер бар. Ғимараттың төбесінде 2 желдеткіш бар.
«Нұр Әлем» - Астананың жаңа символы.
Бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы жүргізіледі.
3-тапсырма. Суреттер мен тірек сөздерді қолданып, мәтіннің мазмұнын жазыңдар.
Тірек сөздер: «Нұр Әлем» ғимараты, орналасқан, кіші Альберт Шпеер, шарға ұқсайды, диаметрі, биіктігі, жасалған, ғимараттың жанында, ғимараттың ішінде, ғимараттың төбесінде
Бағалау «Нәтижелер кестесі» әдісі арқылы орындалады.
Нәтижелер кестесі
топ № барлық тірек сөздерді қолданды мәтіндегі сөйлемдер дұрыс әдемі және көркем жазумен жазды жалпы ұпай саны
1-топ 0 1 2 0 1 2 0 1 2 ...
2-топ 0 1 2 0 1 2 0 1 2 .......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 199



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?