Қыс айлары (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

 Қыс айлары (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім. Уақыт.
Сабақ тақырыбы: Қыс айлары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
3.2.3.1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру.
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мәтіннің мазмұнын түсінеді, суреттер бойынша сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтіннің мазмұнын түсінеді, тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып мәтін құрастырады.
Оқушылардың кейбірі:
Тілдік нормаларды сақтап мәтінді мазмұндайды, тақырыпқа қатысты өз ойын білдіреді.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбер. Оқушылар шеңбер болып тұрады. Өлең жолдарын қайталайды.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түсті даламыз.
Жұмбақ шешу арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын болжайды.
Аяз қысып,
Өрнек сызып.
Ағаштар қар жамылып,Өзендер мұз болып қатады.
Айтыңдаршы,балалар
Бұл қай кезде болады?
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
Жаңа сөздерді меңгерту:
1. Сөздердің мағыналарын түсіндіру.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру
4. Сөйлемдер құрастыру.
5. Жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазу.
Ассоциация құру «Қыс туралы не білеміз?
Оқылым. Айтылым.
Мәтінді оқы.
Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста күн суық болады. Қар жауады, аяз болады. Боран соғады. Күндіз балалар қармен ойнайды. Шаңғы, шана тебеді. Қыста түн ұзақ, күн қысқа болады.
(ЖЖ)Мәтінге сүйеніп диалогті толықтыр.
- Бұл қай жыл мезгілі?
- ...
- Қыс айлары қандай айлар?
- ...
- Қыс мезгілінде ауа райы қандай?
- ...
- Қыста балалар не істейді?
- ...
- Қыста түн мен күн қандай болады?
- ...
Жазылым. «Адасқан сөздер». Сөздердің мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөз тіркесін құра
Қар қысқа болады
Боран айлары
Күн соғады
Түн ойнайды
Қыс ұзақ болады
Күндіз жауады
Дескриптор
1. Сөздердің мағынасын ажырата алады;
2. Сөздердің мағынасын түсініп, сөз тіркесін құрай алады;
Кері байланыс: Қай сөздерді сәйкестендіру қиын болды? Қай сөздер жеңіл болды?....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 173



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі