№ 7 сабақ Бұл қай кезде болады? (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

 № 7 сабақ Бұл қай кезде болады? (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: № 7 сабақ Бұл қай кезде болады?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары№: 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
3.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
3.2.4.1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру
Сабақ мақсаттары:
1. Мәтінді рөлге бөліп оқып, сұрақтарға жауап беру.
2. Сурет бойынша мәтін құру, оны мазмұндау.
3. Құрмалас сөйлемдер құру.
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы оқыған мәтіннің мазмұнын айтады.
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтіннің мазмұнын тірек сөздердің көмегімен айтады, мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрайды.
Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтінге қатысты өз пікірін айтады, үлгі бойынша құрмалас сөйлемдер құрайды.
Сабақ барысы: Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы суреттер арқылы тараудың тақырыбын болжату. Оқушыларды суреттер негізінде сұрақтар қойып, коммуникативтік қатынасқа тарту:
• Суреттен нені көріп тұсыңдар?
• Тараудың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?
Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.
Сабақтың мақсаттарымен таныстыру:
• мәтінді рөлге бөліп оқып, сұрақтарға жауап береміз;
• сурет бойынша мәтін құрап, мазмұндаймыз;
• құрмалас сөйлемдер құраймыз.
(МК, Ұ) 1. Сабақтың тірек (жыл, мезгіл) сөздерін
суреттер, схема мен сұрақ-жауап арқылы меңгерту.
Бір жылда 4 мезгіл бар.
Бір жылда 12 ай бар.
Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Бір жылда неше ай бар?
Грамматикалық қоржын
Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсініктеме беру.
Қай? Қай мезгіл?
Неше? Неше ай?
Қашан? Ауылға қашан барасың?
(Ө) Оқылым тапсырмасы. Оқушылар мәтінді рөлге бөліп оқиды.
Жыл мезгілдері айтысы
Мен ең қызық мезгілмін! Жазда балалар демалады, ауылға барады. Ауылда сүйікті жануарлары бар.
Мен ең күшті жыл мезгілімін. Мен келгенде балалар қуанады. Олар аққала жасайды, қармен ойнайды.
Мен ең тамаша жыл мезгілімін. Себебі жемістер піседі. Жапырақтар түрлі түске боялады.
Ал мен ең көңілді мезгілмін. Бұл мезгілде күн жыли бастайды. «Наурыз» мерекесі тойланады.
• Мәтінде неше жыл мезгілі туралы айтылған?
• Әр жылдың ерекше белгілерін ата.
• Қай? Қашан? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тап.
• Ал саған қай жыл мезгілі ұнайды? ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 383



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі