Ерте ұйықтаймын (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

 Ерте ұйықтаймын (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Ерте ұйықтаймын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.3.1.1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу
3.3.4.1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру
3.4.2.1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мұғалімнің көмегімен таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі:
Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.
Оқушылардың кейбірі:
Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді, еркін қолданады.
Сабақ барысы: Шаттық шеңбері:
Мына сұлу әлемде,
Адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге,
Күн сәулесін төгеді.
Шеңберде тұрып, кезекпен қасында тұрған балаға жақсы тілек айтады. Мысалы: Саған денсаулық тілеймін! Саған жақсы көңіл күй тілеймін!
Суреттер арқылы жаңа сабақты ашу.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және
мақсатымен таныстыру.
(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту:
Дейін, кейін, қашан? ерте, кеш, кешке
1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
3.суреттер берілген сөйлемдерді кезекпен оқиды, жаңа сөздерді табады.
4. Сөйлемдер құрастыру.
5. Жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазады.
(Ж) Тыңдалым. 1-тапсырма. Мәтінді мұқият 2 рет тыңдайды, таныс емес сөздерге түсінік беріледі.
Сұраққа жауап береді.
- Саша нешінші сыныпта оқиды?
- Ол кешке дейін не істейді?
- Оның әрекеті дұрыс па?
Дескриптор:
- тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша әңгімелейді;
- таныс емес сөздердің мағынасын анықтайды.
(Ж) 2-тапсырма. Оқылым.
Мәтінді оқып, қою әріппен жазылған сөздерге сұрақ қой. «Тез ойлан» әдісін қолдана отырып оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.
(Т) 3-тапсырма. Айтылым. Суретпен жұмыс. Оқушылар 3 топқа бөлініп, суреттерді сөйлетеді. (ЖИГСО әдісін қолдану) үш сурет үш топқа бөлініп беріледі.
1 топ 2 топ 3 топ
Дескриптор:
- сурет бойынша әңгімелейді.
- сұрақ қоя біледі.
Сергіту сәті.
“Дирижер” ойыны:
Жүргізуші бір қимыл көрсетіп, сұқ саусағымен кімді көрсетсе, сол адам сол қимылды қайталауы керек. Кім тез қайталай алмаса, сол ойыннан шығады. Жүргізуші бір қимылды бірнеше адамға жасата отырып, белгілі бір дыбыстар шығаруы керек.
(Ұ) 5 – тапсырма. Жазылым. Тиісті қосымшаларды жалғап жазады, дәптерлерін мұғалімге тапсырады.
Бұл менің інім. Ол таңертең жеті... ( -да, -де) тұрады. Жеті жырым... (-да, -де) тамақ ішеді. Түс... (-те, -ке) дейін мектепке барады. Ол түс.... (-кен, -тен) кейін ойнайды.

(Ж) 7- тапсырма. Айтылым. «Көршіңмен сөйлес».
Тапсырмада берілген диалогты бір-бірімен сөйлесе отыра орындайды.
Дескриптор:
• Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
• Қажетті сөздерді орынды қолданады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 543



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?