Уақыт туралы (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

 Уақыт туралы (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім «Уақыт»
Сабақ тақырыбы: Уақыт туралы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.1 Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.3 мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді және мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап береді, сөйлеуде өткен шақты қолданады.
Оқушылардың көпшілігі:
тақырыпқа қатысты сұрақтар құрастырады, сөйлемді сәйкес интонациямен оқиды, сөйлемді өткен шақта дұрыс құрайды.
Оқушылардың кейбірі:
тақырып бойынша жоғары деңгейлі сұрақтар құрастырады, сөйлеу барысында бұрынғы өткен шақты дұрыс қолданады.
Сабақ барысы: Тілді жаттықтыру.
Ойын: «Мен саған ... гүлін сыйлаймын»
Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бір біріне өздері білетін сөздерді айтып, қағаз гүлді сыйға тартады.
Мысалы: Мен саған бақыт гүлін сыйлаймын, мен саған сәттілік гүлін сыйлаймын, мен саған әдептілік гүлін сыйлаймын, т.б.
Үй жұмысын тексеру
Қызығушылықты ояту
(Ұ) Сөздік қорды белсендіру
 Жұмбақты оқы. Жауабын шеш.
Сартылдайды күнімен,
Сартылдайды түнімен.
Білгің келсе уақытты,
Көрсетеді тілімен.
˗ Бұл не болуы мүмкін? (сағат)
˗ Сағат сөзіне мағыналас сөзді ата (уақыт)
(Қимыл, дыбыс, мимика арқылы көрсету)
Сабақтың тақырыбын болжау
 Сурет арқылы сабақтың тақырыбын болжа.
˗ Сағат нені көрсетеді?
˗ Бүгінгі сабақ не жайлы болады?
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Мағынаны тану
Жаңа сөздер
(ЖЖ) Сөздерді сурет арқылы меңгерту.
Уақыт –
сағат –
Қолдау:
Уақыт – кезең, мезгіл
сағат – уақыт өлшемі, көрсеткіші
Грамматикалық қоржын
(Ұ, МК) Етістіктің бұрынғы өткен шақ формасын қайтала.
Бұрынғы өткен шақ - іс-қимылдың жалпы болғанын көрсетеді.
Мысалы: барған, айтқан, барыпты.
1-тапсырма:
(Т) Суретті реттеп орналастыр. Әңгімеле.
 Тірек сөздерді жаз.
Кері байланыс
Тапсырма қызықты болды ма? Неге?....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 119



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі