Тоқаев нақты кімдердің қарызын кешіреді?

Тоқаев нақты кімдердің қарызын кешіреді?

Президент бұрын-соңды болмаған шешім қабылдады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтардың бірқатар санатының борыштық жүктемелерін азайту жөніндегі Қаулысын Zakon.kz өз оқырмандары үшін қысқаша түсіндіреді.

Кімнің қарыздары кешіріледі?
Бәрінің кредиттері кешірілмейді. Тек әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтар (көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айрылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар) ғана.

Қанша қарыз кешіріледі?
Жоғарыда аталған санатқа кіретін азаматтарға тікелей атаулы көмек ретінде олардың банктер мен микрокредиттік ұйымдардан алған қарыздары мен оның сыйақысы бойынша 300 мың теңге мөлшеріндегі қарызы өтеледі.

Бірақ олардың биылғы 1 маусымға дейінгі қарыздарының жалпы көлемі 3 млн теңгеден аспауы тиіс.

Қалған халыққа бұдан не қайыр?
Ал 2019 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша кепілсіз несиесі бар қалған барлық азаматтар үшін есептелген айыппұлдар мен төлемақы өсімдері ғана кешіріледі.

Жеке тұлғалардың 90 күннен астам мерзімі өткен барлық кепілсіз қарыздарына байланысты айыпақы, комиссия және өзге де төлемдер есептеуге тыйым салынады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?