Аңыз-ертегілерді оқу (1 сынып, 6 бөлім )

  Аңыз-ертегілерді оқу (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақтың тақырыбы: Аңыз-ертегілерді оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (ОБ сілтеме)2.2.1.1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебі мен кейіпкерлердің өзгеруін түсіндіреді
2.2.2.1 Негізгі оқиғаларға сүйене отырып, мәтіннің (әдеби және әдеби емес) тақырыбын анықтайды
2.2.4.1 Өз тәжірибесімен байланыстыра отырып, оқиғалар, кейіпкерлер туралы сұрақ қоя біледі және пікір айта бастайды
Сабақ мақсаттары: Аңыз ертегіні мәнерлеп, түсініп оқиды. Мәтінге ат қоюды үйренеді.Мәтіннен зат есімді табады.
Сабақ барысы: (Ұ.МК) Шеңберге тұрып, «Мен қандаймын?» ойынын ойнайды.
Менің атым-Сәуле.Мен сүйкімдімін
Менің атым-Талғат. Мен таланттымын
Мұғалім оқушылардан олардың міндетін сұрайды. Оқушылар жауабы (оқу)
(МК,Ұ) Оқушылардың қызығушылықтарын және ойлау қабілеттерін ояту мақсатында жұмбақтар жасырылады.
Жұмбақтар:
Табан, табан, табан ақ,
Табаны жалпақ қоян ақ.
Күлген көзі күмістен,
Келе жатыр қоян ақ.(күн)
Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып,
Қарасам толып жатыр көзін ашып.
Үйіме сәулеленіп түссе жарық,
Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып. (жұлдыз)
Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт)
Бір үйде қос сұлу қыз ағайынды,
Екеуі қызықтырған талайыңды.
Жүдемес төрт маусымда мұңаймаса,
Тұрады нұрға малып маңдайыңды. (ай)
АЙ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІҢДЕР?
Олай болса балалар, бүгінгі біздің сабағымызда «Ай неге жалаңаш қалды?» мәтінімен танысамыз. Үш топ үстел үстіндегі мәтінді алып оқып, бір-біріне мазмұндайды, мәтіннің басын, ортасын, аяғын өздері табады, тақырып қояды.
Сынып оқушылар үш топқа бөлініп отырғаннан кейін берілген сілтеме арқылы «Ай мен тігінші» мульфильмін көреді.
(Т) Топпен жұмыс.
1-топ. Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.
- Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.
2-топ. Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.
Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі.
3-топ. Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай ары іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты.
* Мәтінде не туралы айтылған?
* Айдың неге осылай өзгергенін түсіндір?
*Мәтінді басқаша қалай атауға болады?
* Мәтінді ойларыңнан ары қарай жалғастырыңдар.
Әр топ ары қарай жалғасын екі сөйлеммен айтып көреді.
(Ұ) Дәптермен жұмыс. Мәтіннің үшінші бөлігін дәптерге жазып, үшінші бөлігінен зат есімдерді тауып, олар зат есімнің қай түріне жататынын анықтайды. Кім? сұрағына жауап беретінді бір бөлек, не? сұрағына жауап беретінді бір бөлек жазады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 840



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!