Туристік жолды жарнамалау Жуан және жіңішке жұп дауыстылар А-ә о-ө ы-і ұ-ү (1 сынып, 5 бөлім )

 Туристік жолды жарнамалау  Жуан және жіңішке жұп дауыстылар А-ә о-ө ы-і ұ-ү (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақтың тақырыбы: Туристік жолды жарнамалау (маршрут). Жуан және жіңішке жұп дауыстылар А-ә, о-ө, ы-і, ұ-ү.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)О5 Мәтіннің түрлерін және стильдік ерекшелігін тану
Сабақтың мақсаттары: 1.1.5.2 Диалогке қатыса отырып, өзгенің пікірін таңдау және сыйлау, өз пікірін дұрыс жеткізу
1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің не туралы екенін анықтау
1.1.4.5 Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін (Мысалы: әңгіме, өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтелдер) таниды және ажырата алады .
Сабақ барысы: (Ұ) Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Ұйымдастыру кезеңін өткізу. Оларды шеңберге жинау. Оқушыларға сұрақтар қойып ой шақыру.
- Ғарыш деген не?
- Ғарышқа барғың келе ме?
- Ғарышта не бар деп ойлайсың?
- Ғарышқа кіммен барар едің?
Шеңбер бойымен талқылау жасай отырып, әр оқушының жеке-жеке пікірін сұрау. Осылай оқушылармен ой бөлісу арқылы тақырыпқа кіріспе жасап, ОМ нақтылап алу.
(Ұ, МК, ЖЖ)
«Ғарыш әлемі!» өлеңін оқымастан бұрын, оқушыларға «зымыран сұрақтар» қойып, жылдам жауап беруге төселдіру.
- Аспаннан Жерге жарық, жылу беретін не?
- Аспанға қарағанда не көреміз?
- Жұлдыздарды санау мүмкін бе?
- Біз тұратын ғаламшар қалай аталады?
Сұрақтарға жауап алған соң, оқушыларға қысқаша ақпарат беру.
Аспанда 8 ғаламшар бар. Олар:
1. Меркурий (Болпан)
2. Шолпан
3. Жер
4. Қызылжұлдыз
5. Есекқырған
6. Қоңырқай
7. Уран
8. Нептун
(2-слайд)
«Ғарыш әлемі!» өлеңін оқуды ұсыну. Оқылған шығарма халық ауыз әдебиетінің (әңгіме, өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтелдер) қай түрі екенін сұрау. Оны қалай анықтауға болатынын сұрау.
Өлең мәтіні бойынша алған білімдері негізінде сұрақтар қою. Оқушыларға «АҚИҚАТ», «ЖАЛҒАН» деген сөздер тарату. Сұрақ қойған кезде оқушылар өз жауабын білдіру үшін тірек сөзді көтереді.
• Қызылжұлдыз қызғылт түсті – АҚИҚАТ
• Күнде тау жынысы бар – ЖАЛҒАН
• Шолпанда ақ бұлттар бар – АҚИҚАТ
• Болпан айдың көршісі – ЖАЛҒАН
Оқулықтағы иллюстрацияға назар аудару. Ұшатын кілемнің үстінде скафандр киіп ұшып бара жатқан ұл мен қыздың, мысықтың, күшіктің және кейіпкер араның суреті салынған. Олар ғаламшарға қонып, ғажайып саяхат жасағандарын оқушыларға айту. Оқушылардан оқулықтағы кейіпкерлер біздің қаламызға қонаққа келгенін елестетулерін сұрау. Оқушыларға туристік кітапшалардан, постерлерден жарнама үлгісін көрсету. Оларды туристерді тарту мақсатында қолданылатынын түсіндіру. Туристтерді тарту үшін қолданылатын арнайы шаралармен таныстыру.
Олар біздің қаламызға қалай жететінін, не істейтінін жұптасып талқылауды сұрау. Талқылау барысында қамтылатын сұрақтарды бірлесіп ойластыруды сұрап, көмек көрсете отырып, сұрақтарды нақтылап алу:
- Оларға не айтар едік?
- Оларды біздің қаламыздың қай жері қызықтырар еді?
- Олар біздің қаламызға қалай жетер еді?
- Олар қалай (жаяу немесе көлікпен) барар еді?
- Олар біздің қаламызда қанша уақытқа қалады деп ойлайсыңдар?
Олардың көргісі келетін (қызығушылықтарын тудыратын) жерлердің тізімін құрастыруды ұсынып, көмек көрсете отырып анықтау.
Оқылым қабілеті әртүрлі оқушыларды араластыра отырып топтастыру. Аталған саяхат кітапшалары мен жарнамалар, постерлерді тарату. Сынып ішінде арнайы орынды туристік агенттік ретінде дайындау. Онда Талдықорған қаласының көрікті жерлерінің суретін орналастыру.
Оқушылар саяхатшыларға ұнайтын жерлер мен заттарды ұсынып, оларды сол жерде демалуға шақыратын жарнама жасауға тапсырма беру.
Оқушылардың туристік жолды жарнамалауларын тыңдау......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 260



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!