Саяхат туралы жазылым (1 сынып, 5 бөлім )

 Саяхат туралы жазылым (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақ тақырыбы: Саяхат туралы жазылым
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы
на сілтемеу) Ж2.Мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай тиісті сөздерді таңдап жазады.
Сабақ мақсаттары: Саяхат жайлы жаңа сөздерді үйренеді. Саяхат тақырыбына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөздерді таңдап жазады, оқиды, талдайды.
Сабақ барысы: (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: «Еуропа қалашығына саяхат» жасау
Бір шапалақ- қол алысып амандасу
Екі шапалақ -аяқтарымен амандасу
Үш шапалақ- арқаларымен амандасу
Төрт шапалақ- құшақтасып амандасу.
Амандасу түрлері:-Сәлеметсіз бе!
-Қайырлы таң!
-Қайырлы күн!
-Амансыз ба?
-Сәлем!
(Ұ) «Доптар» ойыны арқылы 4 топқа бөлу
Қызыл, сары, ақ добым,
Әрі- бері жүгіргің.
Қателеспей тезірек,
2-2-ден тізілгің.
-----------------------
5-5-ден тізілгің.
(Ұ) «Сөз тізбегі» ойыны
Ойынның шарты: Сөздің соңғы әрпі қандай болса, келесі сөздің бастапқы әрпі де сол болу керек.Сөйтіп жаңа сөздер ойлап, сөздерден тізбек жасау керек.
Мысалы:Цех, хоккей, йогурт, тақта, Алматы, ырыс, саяхат.
(Ұ) Оқушылармен диалог құру
-Балалар, соңғы қандай сөзді жаздық?
-Саяхаттың қандай түрлерін білесіңдер?
Сабағымыздың тақырыбы «Саяхат туралы жазылым»
Бүгінгі сабақта біз саяхат жайлы мәтін құрастырамыз.
-Жетістік критерийлерін атап өтейік.
/оқушылар сабақта қол жеткізетін критерийлерді атайды/
-Енді, әр топтан бір оқушы келіп, қайда саяхат жасайтынын білу үшін мына сөздер жазылған карточкаларды таңдап, парталарыңа қойыңдар.
1. Тауға саяхат
2. Орманға саяхат
3. Теңізге саяхат
4. Шөл далаға саяхат
/әр топтан бір оқушы карточкаларды таңдап алады/
(Т) «Дұрыс таңдау» ойыны
-Балалар, адамдар саяхатқа шыққан кезде өз заттарын қайда салады? /чемоданға/
-Дұрыс.Әр топ әртүрлі жерге саяхатқа баратын болғандықтан, чемодандағы заттар да әр түрлі болу керек қой. Ендеше әр топ өздеріне қажетті заттарды ақылдасып анықтап алыңдар да чемоданға суретін салып, атауын жазыңдар.
Оқушыларға чемодан суреті беріледі.Оқушылар чемоданға саяхатта керекті заттардың суретін салып, атауларын жазады.Әр топ өз чемоданын таныстырады.
/оқушылар топта бірігіп отырып, ақылдасып жұмыс істейді, ортаға шығып өз чемодандарын таныстырады/
(ҚБ)Оқушылардың қажетті заттардың суретін салып, атауларын қатесіз, сауатты жазу қабілеттерін бағалаймын.
Сергіту сәті: «Қара жорға»
(МК)Мәтінмен жұмыс
Мәтіндегі иллюстрацияға қарау. Әр беттегі әңгімені баяндау үшін сөйлемді қалай жазу керектігін демонстрациялайтын «Бірлесіп жазу» әдісін қолдану. Осы мәтінде саяхат қалай сипатталғанын тексеру үшін әр сөйлемді қайталап, дауыстап оқу. Сөйлемдер өткен шақта жазылып тұрғанына көз жеткізіп және өткен шақ пен осы шақтың айырмашылығын түсіндіру.
Мысалы:Оқушылар саяхатқа барды./өткен шақ/
Оқушылар саяхатқа барады./осы шақ/
(Ө) Карточкамен жұмыс
Оқушыларға 4-5 сөзден тұратын қима сөйлемдер таратылады. Оқушылар қима сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазып, сөйлемді аяқтайды.Мәтін құрастырады.
Cаяхат
Оқушылар ___________ саяхатқа барды. Онда ___________ көп болды . Балалар ___________ , ___________, ___________ көрді. Балаларға саяхат өте ___________ .
(ҚБ)Оқушылардың дұрыс сөзді таңдап, сөйлем құрастыра алу қабілеттерін бағалаймын......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 432



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі