«Достық туралы мультфильм көру» (1 сынып,3 бөлім )

 «Достық туралы  мультфильм көру» (1 сынып,3 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің отбасым және достарым»
Тақырыбы: «Достық туралы мультфильм көру»
Оқу мақсаттары: Т/А7 Аудио-видео жазбаларды тыңдай отырып, оқиғаның немесе ақпараттың қалай берілгені туралы өз ойын білдіреді.
Т/А8 Өзгелердің ой-пікірлерін тыңдайды және диалогқа қатысады.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар білу керек:
Өзге оқушылардың ой-пікірлерін тыңдайды және диалогқа қатысады.
Көпшілігі:
Оқиғаның жалғасын болжайды.
Кейбір оқушылар:
Аудио-видео жазбаларды тыңдай отырып, оқиғаның немесе ақпараттың қалай берілгені туралы өз ойын білдіреді.
Сабақ барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі.
«Шаттық шеңберіне»шақыру.
Қайырлы таң,көздерім!Ояндыңдар ма?
Қайырлы таң, құлақтарым!Ояндыңдар ма?
Қайырлы таң,қолдарым!Ояндыңдар ма?
Қайырлы таң,аяқтарым!Ояндыңдар ма?
Қайырлы таң, Күн! Мен ояндым!
Балалар, қазіргі сабақ басындағы көңіл-күйлерің қандай?
Өте жақсы! Орташа! Көңілсіз!
Оқушылар өз көңіл-күйлерін айтады.
Ал менің көңіл-күйімді білгілерің келе ме?
Мұғалім өз көңіл-күйін айтады.
Ал енді сабақтың соңында біздің көңіл-күйлеріміз өзгеруі мүмкін,оны сабақ соңында білетін боламыз!
Сабақтың ережелерін еске түсірейік!
1-ереже. Сабақта бір – бірімізді тыңдаймыз.
2 - ереже. Біреудің айтқанын қайталамаймыз.
3 - ереже. Уақытты босқа өткізбейміз.
4 - ереже. Сабаққа белсене қатысамыз.
(Б) Достықтың үзілуі және достасу туралы анимация немесе қысқа фильмнің бірінші бөлімін көрсету. Фильмнің мазмұны мен кейіпкерлерін талқылау. Кейіпкер, мазмұн (сюжет), оқиға сөздерін қолдану, әрі қарай оқиғаны болжау.
«Қошқар мен теке» мультфильмін көрсету
https://youtu.be/C3bJClByIxA
Мультфильм бойынша сұрақтар қоя отыра жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Мультфильмнен нені ұнаттың?
Қай кейіпкер саған ұнады?
Қошқар мен текенің достығы қандай болды?
Сенің ойыңша достар қандай болуы керек?
Оқушылардың пікірін тыңдау.
Жұпта мультфильмдегі басты кейіпкерлерді анықтап,
оларды сипаттайтын сөздерге мысал келтіреді.
Қошқар-....................
Теке-........................
Топтық жұмыс. (топта төрт оқушы отырады) «Пирамида» тәсілі арқылы әр оқушы «Достық» дегенімз не деген сұраққа өз түсініктерін жазады. Бір- бірінің жазған сөздерін оқып, ортаға ортақ сөйлем жазады. Жазғандарын сынып алдында оқып,қорғайды.
2 оқушы.
1 оқушы 3 оқушы
4 оқушы
Мультфильм мазмұны бойынша диалогқа қатысады.
Үлгі:
- Қошқар мен теке қандай отбасында тұрды?
- Олар неге басқа жаққа кеткісі келді?
- Сен олардың орнында болсаң не істер едің?
Мұғалім: Мультфильмдегі жануарларға сендер қандай ақыл бересіңдер?
-Оқушылардың ойларын тыңдау.
Жарайсыңдар, балалар, сендер ақылды, адал дос екенсіңдер.Ендеше бір- бірімізге достық қарым -қатынас және жақсы көңіл- күй орнатайық.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 059



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?