Өз үйімді сипаттаймын Дыбыс Сөйлем Сөйлеу (1 сынып,1 бөлім )
Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтақырыбы Өз үйімді сипаттаймын. Дыбыс. Сөйлем. Сөйлеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау
Сабақ мақсаттары Барлығы:дауысты, дауыссыз дыбыс түрлерін ажырата алады
Көбі: сөздегі буын санын анықтайды, буыннан сөздер құрайды.
Кейбірі: сөздерден сөйлемдер құрап айта алады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
II. Өткенді пысықтау:
Оқушыларға өткен тақырыптарға қатысты сұрақтар қою:
Дыбыс дегеніміз не?
Дыбыстың қандай түрлері бар?
Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
Сөздер неден құралады?
Ал буын ше?
Сөзде неше буын бар екенін қалай анықтаймыз?
(Ұ) Ойын: «Қай буынды жоғалттым?»
«Өз үйімді сипаттаймын» тақырыбына қатысты үйренген сөздер бойынша жүргізіледі: бөлме, теледидар, шатыр, баспалдақ, компьютер, орындық, үстел, диван, айна, т.с.с.
Осы сөздермен сөйлемдер құрастырады.
(Ж) «Менің бөлмемдегі заттар»
Жұмысты жұппен орындауға тапсырамын.
Жұптасып бір-бірінің суретіне қарайды, талқылайды. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратады.
Әр оқушының бөлмесіндегі бір затты атату және буынға бөлгізу.
Жұптағы оқушылар бір-біріне өз бөлмесіндегі затты атайды , кезекпен буынға бөледі, сөйлем ойлайды.
Алдын ала үйге берілген тапсырма бойынша салып келген суреттері арқылы өз бөлмелерін сипаттап әңгімелейді..
Сергіту сәті:
Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр.
Алға бір адым
Артқа бір адым.
Оңға бұрылып,
Солға үңіліп
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Әртүрлі қимылдар жасатып, бірнеше рет қайталату
III. Жаңа білімді меңгерту. Өлеңді мәнерлеп оқу.
Бәрімізге жанашыр
Айжан, Айман үлкені
Айша үйдің кенжесі
Әжеміздің тентегі.
Інілерім еркелеу
Айбар, Қайрат екеуі
Мақтан етем бәрін де
Үйім-бақыт мекені
2. Ой шақыру
Өлеңде не туралы жазылғанын әңгімелету.
Үй сөзіне көңіл бөлгізу, ондағы дауыссыз дыбыс қайсы екенін сұрау.
Ендеше біз сендермен бүгін й әрпімен танысамыз.
Осы өлеңдегі й дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу, ол адам аттары екенін, бас әріптен басталып жазылатыны туралы еске түсіру.
Өлеңдегі Й дыбысы бар сөздерді буынға бөлгізу, сөздегі орнын ажырату.
3. Й дыбысымен таныстыру: Й дыбысы туралы бейнежазба көрсету
- Жаңылтпашты оқу, « й» дыбысының орнын анықтау.
-Й әрпінің айтылуы және жазылуымен таныстыру, оның неліктен дауыссыз дыбыс екендігін өздеріне айтқызу.
(Т) 1-тапсырма Оқулықтағы суреттер бойынша жұмыс: суреттерді қарайды, сөздерді атайды, буынға бөледі. Осы сөздерден сөйлемдер құрастырады.
2-тапсырма. Оқулықтан өлеңді топта отырып өз беттерінше оқиды, талқылайды. Өлеңдегі балалардың мінезі қандай? деген сұраққа жауап береді.
4. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу минуты: « й» әрпін жазып үйренеді
Қорытынды. Не үйреніп,не білдік?
Бүгінгі сабақта не қызықты болды?
Сен қандай жаңа сөзбен таныстың?
Не маңызды болды деп ойлайсың?
Қандай қиындықтар кездесті?
Келесі сабақта не білгілерің келеді?.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?