Әлия – батыр қызы сен халқымның (4-сағат) (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )

 Әлия – батыр қызы сен халқымның (4-сағат) (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Батыр туса-ел ырысы
Сабақтың тақырыбы: Әлия – батыр қызы сен халқымның (4-сағат)
Сабақтың түрі Жаңа сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:7.А4. Шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар
Теңеу, эпитет сөздерді табады.
Көптеген оқушылар
Кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдайды
Кейбір оқушылар
Кейіпкер мінездемесіндегі көркемдегіш құралдарды анықтайды.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру.
Сабақ мақсатын таныстыру
Қызығушылықты ояту.
Тақтада кесте көрсетіледі. Оқушылар сол сөздерді пайдалана отырып сөйлемдер құрайды.
Ұлы Отан соғысы Ақтөбе облысы Қобда ауданы 1941 жыл Кеңес Одағының батыры
1925ж
15 маусым Лия Снайперлер мектебі ұмытылмау
Әлия Молдағұлова 1943ж 1944ж маусым мәңгілік
Түсініксіз болған сөздерді сыныптастар бір-біріне түсіндіреді.
Кері байланыс:
Оқушылар кестедегі тірек сөздермен сөйлемдер құрайды.
Түсініксіз сөздер мағынасын біледі.
Оқушылар тақырыпты болжайды.
Кері байланыс
- кесте бойынша сабаққа болжам жасайды
- өз ойларын білдіреді
- сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.
Жаңа сөздермен жұмыс
Интерактивті тақтада сөздер көрсетіледі.
Оқушылар жаңа сөздер мағынасын түсіндірме сөздіктен қарайды, дәптерлеріне жазып алады.
Сөздер: мәңгілік, мөлдір, мәрмәр, ерке, саз, құшақ, шоқ, мөлдір
Тыңдалаым алды тапсырма:
Жұпқа бөлу
1) Оқушылар сөз тіркесін құрау арқылы, бес жұпқа бөлінеді.
Сөз тіркесінің мағынасын ашады.
СҰЛУ - САЗ; ШОЛПАН - ЖҰЛДЫЗ; МӨЛДІР - АСПАН; ШОҚТАЙ - ЖАРЫҚ; ОТТАЙ - ЖАНУ
2) Теңеу, эпитет, сын есім туралы ойға түсіреді, слайдтағы анықтамамен бекітіледі.
Теңеу, эпитет - затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Теңеу -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Асқар таудай, дардай. Эпитет: алтын сағат, алтын жаға, алтын күз т.б
Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз. Мысалы: ыстық қайрат, нұрлы ақыл
Оқушыларға өлең мәтінін тыңдату
Әлия
Сөзін жазған: Бәкір Тәжібаев Әнін жазған: Сейдолла Бәйтереков
Қобда, Нева суларын сүйіп өскен,
Әсем гүлін құшаққа жиып өскен.
Аққу құстың бейнебір баласындай,
Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен.
Қайырмасы:
Әлия - ару қызы сен халқымның,
Әлия - батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның!
Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан,
Саған күнде қызыққан мөлдір аспан.
Саған күнде жазылған көркем дастан,
Саған күнде құшағын көктем ашқан.
Қайырмасы:
Әлия - ару қызы сен халқымның,
Әлия - батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның!
Шолпан жұлдыз - өзіңсің шоқтай жарық,
Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып.
Туған жердің төсінде мәңгілікке,
Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып.
Қайырмасы:
Әлия - ару қызы сен халқымның,
Әлия - батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның!
Ән ұнады ма? Орындаушы кім? Дауысы ұнады ма? (өлеңнің әні мен сөзін жазушылар айтылып кетеді)
Ән қандай тақырыпқа арналған?
Ән мәтінінен естеріңде қандай сөздер қалды? ...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 999



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?