Батыр туса – ел ырысы №1 (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )

 Батыр туса – ел ырысы №1 (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Батыр туса-ел ырысы
Сабақтың тақырыбы: Батыр туса – ел ырысы №1
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар
Өлең үзіндісін тыңдап, тақырыбы мен идеясын анықтайды
Көптеген оқушылар
Өлеңнің негізгі мазмұнын түсінеді
Кейбір оқушылар
Өлең мазмұнын түсінеді, идеясын талдайды.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру.
Сабақ мақсатын таныстыру
Қызығушылықты ояту.
Интерактивті тақтада сурет көрсетіледі.
1. Сурет туралы не ойлайсыңдар?
2. Суреттің сабаққа қандай қатысы болуы мүмкін?
3. Сурет бойынша пікір білдіріңдер.
Кері байланыс
- сурет туралы ойларын айтады
- сурет бойынша сабаққа болжам жасайды
- өз ойларын білдіреді
- сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.
Жаңа сөздермен жұмыс
Оқушылар сынып қабырғаларында ілініп тұрған сөздердің ішінен өзі мағынасын түсінетін сөзді алады немесе мағынасын тез арада сөздіктен қарап, өзге балаларға түсіндіреді.
Сөздер: мәңгілік, тегістеу, жойылу, бейбіт, жаңғырық, жоқтамау, жанбау, кестелі, тершіген, маңдай, қайғы.
Тапсырма 1
Оқушыларға өлең мәтінін тыңдату
Нұрасылдың әні ұнады ма? Даусы қандай?
Ән қандай тақырыпқа арналған?
Ән мәтінінен естеріңде қандай сөздер қалды?
Жұпқа бөлу
Оқушыларға суреттер мен сөздер таратылады. Сурет пен сөзді сәйкестендіру арқылы жұптар құрылады.
Сөздер: оқ, күрек, дала, әлем, бомба.
Кері байланыс:
- ән тақырыбын анықтайды
- тірек сөздер арқылы мәтін мазмұны ашылады
Сурет пен сөздердің мәтінге қатысы айтылады.
Мағынаны тану
Ән қайта тыңдатылады.
Әннің шумақтары оқушыларға таратылады.
Бейбіт күн тілегі
Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов
Әні: Шәмші Қалдаяқов
1. Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын
Қайырмасы:
Кел, достарым, ән бастадым.
Көтеріп жаңғырық!
Данасын дала, баласын ана,
Жоқтамасын мәңгілік!
2. Көктесін жас ағаш одан әрі,
Өткен күн қайтадан жанбайды.
Сұлудың кестелі орамалы,
Сүртсін, тек тершіген маңдайды
3.Қайғыны білмесін ана жаны,
Қазіргі адамда арман сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң.
Қайырмасы:
ЖЖ
Тапсырма
1. Мәтінде не туралы айтылған?
2. Еске сақтап оқу. Өзі қалаған бір сөйлемді есіне түсіріп айту.
3. Мәтіндегі кейбір сөйлемге комментарий беру.
Кері байланыс:
- Мәтіннің не туралы екенін айта біледі;
- Сөйлемдерді еске сақтап айтуда белсенді болады;
- Еске сақтап айтуында белсенділік танытады;
- Сөйлемге комментарий бергені ұнады, себебі ойын еркін айтты;
- Комментарий беруде жеткізуге талпынады.
- Өлең идеясы айқындалады.
Оқушылар мәтінді тағы бір рет оқып шығады.
Тапсырма 2
Жұптық жұмыс.
Жұбымен пікірлеседі. 1 минут. Мәселе іздейді. Сөйлемдерге назар салады.
Мәтінде көтерілген мәселені табады.
Өлеңнің үшінші шумағына назар аударсақ. Қандай ой барын аңғарыңдар. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 887



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі