file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Досы көпті жау алмайды (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )

 Досы көпті жау алмайды (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы ұлттар достастығы.
Сабақтың тақырыбы: Досы көпті жау алмайды
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: А3. Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту.
О2. Хат, хабарлама, жарнама мазмұнын түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: Орфоэпиялық норманы сақтап ауызша сөйлемдер құрастырады.Жазба жұмысын орындайды.
Көптеген оқушылар: Орфоэпиялық норманы сақтай отырып, ауызша әңгіме құрастырады.Жазба жұмысын орындау барысында сөйлем құрылымына мән береді.
Кейбір оқушылар: Орфоэпиялық норманы сақтайды, ертегі, хат, сөйлем құрастырады. Сөздерді орынды қолданады.Жазба жұмысын орындау барысында стильдік ерекшелікті түсінеді, сөйлем құрылымын сақтап жаза алады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту. Тақырыпты анықтау. Ребус шешу.
Сабақтың мақсаты, бағалау критерийімен таныстыру.
1-тапсырма. Жұптық жұмыс.Мұғалім оқушыларға екі түрлі сурет ұсынады. Олар сурет бойынша тақырыппен байланыстырып, 5 сөйлем құрастыру қажет.
Бағалау критерийі:
- Орфоэпиялық норманы сақтап оқиды.
- Сөйлем құрылымын сақтайды.
- Достық туралы ой айтады.
Оқушылар бір-бірін жұлдызша сыйлау арқылы бағалайды. Оқушыларға сабақ басында жұлдызша таратылады.
2-тапсырма. Жеке жұмыс. «Адасқан әріптер» ойыны. Мұғалім әріптер береді, оқушылар тақырыпқа қатысты 3 сөйлем құрастыруы қажет.
А л а о ы қ д с д т ө г з с е р б і к ө п к с о д
Мұғалімнің кері байланысы.
3-тапсырма. Сыныпты екі топқа бөледі. «Сұрақ--хат» ойыны. Шағын мәтін құрастыру.
Тақырыпты қатыстырып сұрақтарға жауап беру. Әр топ кезекпен шығады, топта 6 оқушының болғаны дұрыс. Бірінші оқушы 1 сөз айтады,келесі оқушылар өз сұрақтарына жауап береді, осылай шағын мәтін құрастырылады.
1. Кім? Не? (1 зат есім)
2. Қай жерде? (жатыс септігіндегі сөз)
3. Не істеді? (сөйлем)
4. Ол не айтты? (1 төл сөз)
5. Адамдар не деді? (төл сөз)
6. Оқиға немен аяқталды? (1 сөйлем)
Бағалау. «Екі жұлдыз,бір тілек» .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 118



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?