Біз біргеміз (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )

 Біз біргеміз (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы ұлттар достастығы.
Сабақтың тақырыбы: Біз біргеміз

Жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.
5.ТБ1.5 Сөз таптары. Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: тыңдалым мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, болымды, болымсыз етістіктерді орынды қолданады.
Көптеген оқушылар: ақпаратты өмірмен байланыстырады.
Кейбір оқушылар: жоғары деңгейлі сұрақтар құрастыра алады.
Сабақ барысы: 1. Суреттер бойынша тақырыпты болжап көреді.
Мұғалім ОМ мен БК таныстырады.
Оқушылар «Эмодзи» әдісімен жұпқа бөлінеді. Араласқан өлең жолдарынан дұрыс сөйлем құрастырады.
1-жұп 2-жұп 3-жұп 4-жұп 5-жұп
Бір шаңырақта табысқан,
Дос, бауыр көп туысқан. Отан - ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз. Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз. Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша - бау. Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Білу, түсіну
Тыңдалымалды тапсырма:
1-тапсырма. Сөздерді дұрыс аудармасымен сәйкестендіріңіз./Ж
Өмір сүру салты толерантность
Тағдыр цивилизация
Түсініспеушілік представители других национальностей
Мәдениет образ жизни
Төзімділік ущемлять
Бейбіт өмір судьба
Шыдамдылық таныту непонимание
Өркениет культура
Басқа ұлт өкілдері мирная жизнь
Өзгеше доброта
Кемсіту забота
Жанашырлық проявлять терпенье
Мейірімділік по-другому
Тақтадағы дұрыс аудармасымен өзін-өзі тексереді.
Тыңдалым. (Біз біргеміз/ бейнебаяны 1,33 минутынан соңына дейін)
Қолдану. 2-тапсырма. Тыңдалым тапсырмасы/ЖЖ.
Тыңдалым мазмұны бойынша жұпта 5 сұрақ дайындаңыз (3 жіңішке сұрақ, 2 жуан сұрақ)
Оқушылар «Біз біргеміз» бейнематериалын тамашалап, мазмұны бойынша бес сұрақ дайындайды (екі жуан сұрақ, үш жіңішке сұрақ). Дайын сұрақтарды күрделігіне қарай екі қоржынға бөліп салады.
Ықтимал сұрақтар:
1.Төзімділік деген не?
2. Төзімділік күні қашан аталады?
3. Бұл ұғым қалай пайда болған?
4. Еліміздегі әр түрлі ұлт өкілдері қалай өмір сүреді?
5. Неліктен халықтар достастығын сақтау қажет?
6. Қазақ халқы басқа халықтарға қай кезеңде ерекше көмектескен?
Талдау.Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:
«Ыстық орындық» әдісі/Ж
«Ыстық орындықтағы» оқушы қоржыннан кез-келген сұрақты таңдап, жауап береді. Жауаптарында болымды, болымсыз етістіктерін қолдануы тиіс.
«Бағдаршам» әдісімен өзара бағалау
Мұғалімнің кері байланысы
3-тапсырма. Тақырып бойынша болымды етістіктерді болымсызға айналдырыңыз.
Кемсіту, таныту, кешіру, қабылдау, түсіну.
(мұғалім болымсыз етістіктің жасалу жолдарын қайталап, естеріне салады.) .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 208



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!