Су-тіршілік көзі 1 (5 сынып, II тоқсан, 2 бөлім )

 Су-тіршілік көзі 1 (5 сынып, II тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы:Су-тіршілік көзі 1
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:5.Ж2.Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.
Сабақ мақсаты: Оқушылар жазылым тапсырмасының алдында эссе мазмұнындағы қолдануға мүмкін болатын сөздермен танысу арқылы дескрипторлардың көмегімен эссе жұмысын жазады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
«Мусорные люди» на пляже Барселоны» шағын бейнебаянын көреді. 3 минут
Ой шақыру сұрақтары: 3 минут
Бейнебаянда қандай мәселе көтеріледі?
Сіздердің ауылдарыңызда өзен бар ма?
Оның айналасы ластана ма?
Оны кімдер ластайды?
Өзен жағасын қоқыстан кім тазалайды?
Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады.
Оқушылар жауаптары негізінде сабақ тақырыбына болжау жасайды.
Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен таныстырады.
Бағалау критерийімен таныстырады. 2 минут
Жазылымалды тапсырмасы
Сөздікпен жұмыс. 7 минут
Мұғалім оқушыларға жазылымда қолдануға тиісті сөздер мен сөз тіркестерін таратып, мағынасын суреттер арқылы тақтадан көрсетеді. Оқушылар сөздер мен сөз тіркестерін қатыстыра отырып, ауызша сөйлемдер құрайды.
Сөз Сөз тіркесімділік Сурет
Өзен Өзен жағасы
Демалушылар Демалушылар демалады
Демалу, тынығу Өзен жағасында демалады
Қоқыс Қоқыстарды тастайды
Тазалау, тазарту Қоқыстан тазалау
Қоқыстан тазарту
Қап Қапқа салу
Риза болу, разы болу Тұрғындар риза болды
Тақтайша Арнайы тақтайша
Жазылым тапсырмасы 22 минут.
Жағдаят. Сіз тұратын ауылда өзен бар. Жаз бойы оған демалушылар келеді. Өзенге демалуға барған сіз оның айналасындағы шашылып жатқан қоқыстарға тап болдыңыз. Көргеніңізді достарыңызға айтып, өзен жағасын қоқыстардан тазартуды шештіңіз. Достарыңызбен бірлесіп атқарған істеріңізді сипаттап жазыңыз. Сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз. (60-70 сөз)
Кері байланыс. 3 минут
Эссе жазуда қандай қиындық туды?
Барлық дескрипторларды орындай алдыңыз ба?
Сөздікпен жұмыстың қандай пайдасы болды?.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 498



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі