Демалыс күндері туралы оқу (1-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

 Демалыс күндері туралы оқу (1-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақ тақырыбы:Демалыс күндері туралы оқу (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.2.1.1 өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөздер және сөз тіркестерін қолдану
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөздер және сөз тіркестерін мұғалімнің қолдауымен қолданады.
Көптеген оқушылар: іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөздер және сөз тіркестерін қолданады.
Кейбір оқушылар: іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөздер және сөз тіркестерін еркін қолданады.
Сабақ барысы: (Ұ) Қызығушылықты ояту. «Диктор уақыты». Оқушылар берілген шаблонға сүйеніп, күнмен, ауа райымен таныстырады.
• бүгін нешесі?
• бүгін қай күн? (дүйсенбі, т.б.)
• ауа райы қандай?
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
(Т) Миға шабуыл. Оқушылар «Демалыс» сөзіне қатысты білетіндерін ортаға салады. Оқушыларды бағыттап отыру үшін жетекші сұрақтар қойылады.
o Демалысқа немен баруға болады?
o Демалыс күндері не істейміз?
o Демалыста қайда баруға болады?
Тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын дамыту, тақырыпқа қажетті «бастау нүктесін» табу
(Ж) «Сызбаны сөйлет». Оқушылар берілген шағын мәтінді оқып, таныс емес сөздердің астын сызады. Содан соң жұпта сұрақтарға жауап береді.
Тапсырманың мақсаты – оқушылардың оқылым дағдысын дамыту.
Айнұр жазғы демалысқа шықты. Ол отбасымен Астанаға барды. Астанада олар серуендеді, әдемі ғимараттарды көрді. Содан соң Айнұр ауылға барды. Ауылда Айнұрдың атасы мен әжесі тұрады. Айнұр әжесіне көмектесті, күшігімен ойнады.
Айнұр демалыста қайда барды?
Астанада ол не істеді?
Ауылда кімдер тұрады?
Ауылда Айнұр не істеді? ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 842



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі