Төрт мезгіл туралы оқу (4-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )
Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы:Төрт мезгіл туралы оқу (4-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.2.4.1 суретті жоспар және тірек сөздер / сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: тірек сөздер негізінде шағын мәтінді мұғалімнің қолдауымен мазмұндайды.
Көптеген оқушылар: тірек сөздер негізінде шағын мәтінді мазмұндайды.
Кейбір оқушылар: тірек сөздер негізінде шағын мәтінді еркін, жүйелі мазмұндайды .
Сабақ барысы: (Ұ) Қызығушылықты ояту. «Көңілді таспа»
Оқушылар көктем немесе жаз туралы сөйлемдер айтып таспаға тіркеледі. Сөйлемдер жүйелі болу керек. Сонда таспада шағын мәтін шығады.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
(Ж) Сөз сыры. Оқушылар сурет бойынша өздеріне таныс сөздермен сөйлемдер құрастырып айтады. Жаңа сөздердің мағынасын таниды.
• суық
• қар жауады
• боран соғады
Тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын дамыту, сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту.
(Т) «Мен білемін!» Оқушылар шағын топтарға бірігіп, берілген тірек сөздерді пайдаланып, қыс туралы мәтін құрастырып көреді. Оқушыларға көмек ретінде мәтін үлгісі беріледі. Қажет болса, түпнұсқаны қарауға болады. Оқушылар құрастырған мәтіндерін қорғап, бағалау критерийлері арқылы бір-бірін бағалайды.
Тірек сөздер:
• суық мезгіл
• айлары
• қар жауады
• боран соғады
• жылы киім
• шаңғы, коньки
• Жаңа жыл мерекесі
Тапсырманың мақсаты – оқушылардың сөйлем құрау, тірек сөздерді орынды пайдалану дағдысын дамыту, топтық жұмыс арқылы бір-біріне құрмет сезімдеріне баулу.
Қыс – ең суық мезгіл. Қыс айлары – желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста қар жауады, боран соғады. Адамдар қыста жылы киімдер киеді. Қыста балалар шаңғы тебеді, мұзда коньки тебеді. Қыста Жаңа жыл мерекесі болады.
Бағалау критерийлері:
• мәтінді дұрыс құрастырды;
• сөздерді дұрыс айтты.
Кері байланыс. «Полюстер» арқылы жұмысына кері байланыс жасайды.
• Мен қыс туралы айта аламын.
• Маған топта жұмыс жасау ұнайды. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?