Табиғат және қоршаған орта Мезгілді сипаттап жазу (2-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

 Табиғат және қоршаған орта Мезгілді сипаттап жазу (2-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7
Сабақ тақырыбы: Табиғат және қоршаған орта Мезгілді сипаттап жазу (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)А4 Мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, нақты тақырып бойынша қысқа диалогке қатысады.
Ж2 Сипатау сөздері мен сөз тіркестерін пайдаланып, жай сөйлемдерді жазады.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Мұғалімнің көмегімен нақты тақырып бойынша қысқа диалогке қатысады, сипатау сөздерін пайдаланып, қарапайым сөйлемдерді жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
Мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, нақты тақырып бойынша қысқа диалогке қатысады. Сипатау сөздері мен сөз тіркестерін пайдаланып, жай сөйлемдерді жазады.
Кейбір оқушылар:
Мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, диалогке еркін қатысады. Сипатау сөздері мен сөз тіркестерін пайдаланып, жай сөйлемдерді байланыстырып жазады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту.
(Ұ) «Сағаттың тілімен» ойыны
Оқушылар сағаттың тілі бойынша суреттерді айналып жүреді. Әуен тоқтағанда балалар да тоқтап, алдындағы сөзбен сөйлем құрастырып айтады.
 найзағай
 табиғат
 күн
 бәйшешек
 қар
 жапырақтар
 жемістер мен көкөністер
 сарғаяды
 құстар
 ысиды
 аяз
 жаңбыр
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
(Т) «Ақылды таспа» ойыны. Оқушылар қыс мезгіліне сөйлемдер айтып, таспаға қосылып отырады. Мұғаліммен бірлесе бір айналым жасағаннан кейін, 2 топқа бөлініп, қабылдау деңгейі жоғары оқушы мұғалім рөлінде болып, бір топпен жұмыс жасайды. Ал екінші топпен мұғалім күз мезгілі туралы жұмыс жүргізеді.
(Ж) «LearningApps» бағдарламасымен жұмыс. Оқушыларды өздерінің заттары арқылы жұптарға бөлу (оқушылар қорапқа өздерінің кез келген затын салады, мұғалім заттарды кездейсоқ алып шығу арқылы оқушыларды жұптарға бөледі).
Оқушыларды жұптарға бөлініп, берілген бағдарлама бойынша ноутбуктарда жыл мезгіліне байланысты сөз орамдарын оқи отырып, тиісті суретпен сәйкестендіреді. Дұрыс/бұрыстығын тексереді. Қатесіз жасалған жұмысты бір оқушы сынып алдында оқиды.
«Полюстер» арқылы жасаған жұмыстарына кері байланыс жасайды.
 Мен бір мезгіл туралы 4-5 сөйлем айта аламын.
 Жұптағы жұмысты дұрыс орындадым.
(Ө,Қ) «5 минуттық жазу». Жеребе арқылы мезгілдерді тартып, қай мезгіл түссе, сол мезгілге қатысты сөздер мен сөз орамдарын жазады. Өзі жазған сөз тіркестерін пайдаланып 2 сөйлем құрастырып жазады.
 Көктем
 Жаз
 Қыс
 Күз ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 168



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?