Балаларға арналған тақпақтарды оқу №4 (2 сынып, III тоқсан )

 Балаларға арналған тақпақтарды оқу №4 (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Салт дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы:Балаларға арналған тақпақтарды оқу №4
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.
Көптеген оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: Өз бетінше баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
Сабақ барысы: Қызығушылығын ояту.
 (Ұ) Оқушыларға «Көктем» тақырыбына қатысты бірнеше суреттер көрсету.
 Суретте нені көріп тұрғандарын айтады.
 Көктем мезгілінде өздеріңізді қалай сезінесіздер?
Сабақтың тақырыбы: Балаларға арналған тақпақтар туралы идеялар жинау №4
Сабақтың мақсаты:
 Сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.
(Ұ) Оқушыларға тақпақтын бір-бір сөздерін таратып беру. Оқушылар тақпақты тақтада құрастырады. Оқиды.
Содан кейін таныстырылымнан қарап, салыстырады. Құрастырған тақпақтарының дұрыс/бұрысын анықтайды. Оқушылар мәнерлеп оқиды.
 Бұл жанр бойынша не?
 Неге ол тақпақ?
 Тақпақ не туралы?
Көктем
Көктем болды алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады.
(Ж) Жұптық жұмыс.Оқушыларға тақпақты таратып беру.
Оқушылар түсінберген сөздерінің астын сызып, айтады.
Мәнерлеп оқуға дайындалады.
1-жұп
Ана
Ана деп күнде ән салам,
Ауылға бүкіл жар салам.
Қуанту үшін анамды
Күнде-күнде «бес» алам.
2-жұп
Наурыз
Елім менен жеріме,
Ырысын шашқан Наурыз.
Күлімдеген көктемге,
Шуағын шашқан наурыз.
Жеті түрлі дән салып,
Дәм татқызған наурыз.
Жақсылық тілеп халыққа,
Молшылық әкелсін наурыз.
3-жұп
Құлыншақ.
Құлыншақ, құлыншақ,
Шапқылайсың даламен.
Дос болсайшы құлыншақ,
Мен сияқты баламен.
4-жұп
Бұзау
Тентек болма, ақ бұзау,
Еріншек болма, ақ бұзау.
Кең далада сенімен,
Жарысып мен жүгірем.
5-жұп
Әдептілік
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Үлкендерге жол беріп,
Біз ақылды боламыз.
Оқушылар қарама қарсы екі қатарға тұрады. Жұптар ауысады. Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
Дескриптор:
 тақпақты мәнерлеп оқиды;
 тақпақтың мазмұнын түсінеді;
Сабақты қорыту.
Дифференциация:
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар тақпақтардың мазмұнын түсінеді және жатқа айтып бере алады;
қабылдау деңгейі орташа оқушылар тақпақтардағы кейбір негізгі сөздерді түсінеді.
Үйге тапсырма: тақпақты жаттап алу.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 880



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!