Бос уақыт туралы оқу және фильм көру №2 (2 сынып, I тоқсан )

 Бос уақыт туралы оқу және фильм көру №2 (2 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Өзім туралы»
Сабақ тақырыбы:Бос уақыт туралы оқу және фильм көру. №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
2.3.4.1 мәтін мазмұны немесе иллюстрация/постер бойынша қарапайым сұрақтар құрастыру және оған толық жауап беру
2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау
2.2.6.1 қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: иллюстрация/постер бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады. Қазақ тілінің төл дыбыстарын мұғалімнің көмегімен артикуляциялайды.
Көптеген оқушылар: мәтін мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және оған жауап береді. Қазақ тілінің төл дыбыстарын өздері артикуляциялайды.
Кейбір оқушылар: мәтін мазмұны немесе иллюстрация/постер бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады және оған толық жауап береді. Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды.
Сабақ барасы: Ертеңгілік шеңбер
Шеңберге тұрып, бір-бірінің көңіл-күйлерін сұрайды. Жауап берген оқушы себебін түсіндіре отырып айтады.
Мысалы:
-Сенің көңіл-күйің қандай?
-Менің көңіл-күйім тамаша, өйткені анам туған күніме сыйлық берді.
Сабақтың тақырыбын анықтау, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.
(Ұ, Қ) Суретті болжа.
Жетелеуіш сұрақтар:
• Суретте кімдер бейнеленген?
• Олар қайда барды?
• Балалар не тауып алды?
• Балапанға не болды деп ойлайсыңдар?
Дескрипторлар:
1. Сұрақтарға жауап бере алады.
2. Оқиғаның аяқталуын болжай алады.
СЕРГІТУ СӘТІ
Тербеледі ағаштар,
Алдымен жел еседі.
Кіп-кішкентай балалар,
Үп-үлкен боп өседі.
«Бірлесіп оқу» әдісі. Мәтіннің түпнұсқасын оқу.
БАЛАПАН
Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды. Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа. Балапан шиқылдай береді. Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды. Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.
• (Ж) Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады:....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 719



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі