Дені саудың – жаны сау «Менің денем» - постер жасау (1-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )

 Дені саудың – жаны сау «Менің денем» - постер жасау (1-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8
Сабақ тақырыбы:Дені саудың – жаны сау «Менің денем» - постер жасау (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) А 6 Қарапайым айтылымдарды қайталайды.
Т 3 Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді/ ажыратады/ таниды.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Мұғалімнің көмегімен әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын таниды. Қарапайым айтылымдарды қайталайды.
Оқушылардың көпшілігі:
Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді/ ажыратады/ таниды. Қарапайым айтылымдарды қайталайды.
Кейбір оқушылар:
Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді/ ажыратады/ таниды. Қарапайым айтылымдарды еркін қайталайды.
Сабақ барысы: (МК) «Көңілді шеңбер».
Шеңберге тұрып, мұғаліммен бірлесе тақпақты айтады, қимылдар жасайды.
Аяқпенен топ – топ – топ,
Алақанмен хлоп – хлоп – хлоп.
Бір оңға, бір солға,
Айналайық кел мұнда.
Қолымызды бір сілтеп,
Басымызды шайқайық.
Бір оңға, бір солға
Ойнайықшы кел мұнда.
Секіреміз жоғары,
Қиын емес секіру.
Бір оңға, бір солға
Секірейік кел мұнда.
Бір оңға, бір солға
Секірейік кел мұнда.
(Ұ) «Сөздер тізбегі». Оқушылар ертегіні жалғастырып айтады. Ең соңғы бала толық ертегіні оқушылардың айтқаны бойынша айтып шығады.
Ерте, ерте, ертеде ауыз, қол, мұрын, аяқ, құлақ, көз кездесті. Құлақ айтты:
- Мен пайдалымын. Адам құлақпен естиді.
- Жоқ, - деді көз, - мен пайдалымын. Адам көзбен көреді.
- Жоқ, қол айтты. Мен адамға пайдалымын. Адам қолмен ұстайды.
- Жоқ, мен пайдалымын, - деді ауыз. Адамда ауыз болмаса, тамақ іше аламайды. .........................................
(Ж) «Жұлдызды сәт» ойыны.
Дене мүшелері туралы құрастырған ертегілерін берілген критерийлер бойынша айтады. Өзара бағалайды.
 Сөздерді дұрыс айту
 Ертегіні толық, тез айту. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 858



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?