Дені саудың – жаны сау «Менің денем» - постер жасау (3-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )

 Дені саудың – жаны сау «Менің денем» - постер жасау (3-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8
Сабақ тақырыбы:Дені саудың – жаны сау
«Менің денем» - постер жасау (3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)А4 Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.
Ж2 Қарапайым түсінікті тілмен жазады.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Мұғалімнің көмегімен мәселені түсініп, қарапайым сөйлейді. Қарапайым тілмен жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді. Қарапайым түсінікті тілмен жазады.
Кейбір оқушылар:
Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетіп, дилогке еркін қатысады.
Сабақ барысы: (МК) «Көңілді шеңбер».
Шеңберге тұрып, мұғаліммен бірлесе тақпақты айтады, қимылдар жасайды.
Аяқпенен топ – топ – топ,
Алақанмен хлоп – хлоп – хлоп.
Бір оңға, бір солға,
Айналайық кел мұнда.
Қолымызды бір сілтеп,
Басымызды шайқайық.
Бір оңға, бір солға
Ойнайықшы кел мұнда.
Секіреміз жоғары,
Қиын емес секіру.
Бір оңға, бір солға
Секірейік кел мұнда.
Бір оңға, бір солға
Секірейік кел мұнда.
(Ұ) «Мен білемін».
Бір оқушы дене мүшелерін дұрыс айтады, басқа оқушылар тыңдай отырып, көрсетеді.
(Ұ) «Әріптеп айт!» «Сымсыз телефон» ойыны арқылы дене мүшелерді шеңберде бір бірін мұқият тыңдай отырып, әріптеп айтып шығады. (мұрын, құлақ, мойын, көз, кірпік, иық, тізе, арқа, қас)
(Ж) «Жауабын тап».
Оқушылар жұптарда ламинат қағаздарына дене мүшелерін сипаттау сөздер арқылы бір-біріне жасырады. Бірінші үлгісін мұғалім көрсетеді.
Үлгі: Адамда ол екеу. Оның түсі қоңыр, қара, көк, жасыл болады. Адам онымен көреді.
(Ө,Қ) Шығармашылық жұмыс. Дене мүшелері туралы постер жасау. Постерге дене мүшелерінің атауларын және қызметін жазады.
Берілген критерийлер арқылы бір-бірін бағалайды.
Постер жасау критерийлері:
• Постерін қорғай алды.
• Безендіре алды. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 571



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі