Сынып бөлмесіне қатысты дыбыстар №1 (1 сынып, 2 бөлім )

 Сынып бөлмесіне қатысты дыбыстар №1 (1 сынып, 2 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Сабақтың тақырыбы:Сынып бөлмесіне қатысты дыбыстар.№1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.1 Зейін қойып тыңдау.
1.1.1.1 Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды
1.2 Сөздердің және сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.
1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.
Көбі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді және сөйлем құрастыра алады.
Кейбірі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінгенін түрлі ым-ишарамен көрсете алады.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
Шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен амандасады.
Мұғалім оқушыларға «Сыныптағы мені қоршаған заттар» тақырыбына қатысты жұмбақтар жасырады. Жұмбақтың шешуін тапқан оқушыға жұлдызша береді.
Шиыр- шиыр салады,
Артынан із қалады.
(қарындаш)
Тіл жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде
(қалам)
Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі.
(Сызғыш)
Төрт қырлы, өзі аппақ,
Тақтаның ізі аппақ.
(бор)
Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан
Жазып алам көшіріп,
Сүртем сосын өшіріп.
(Тақта)
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.)
«Мен күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінемін»
Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 005



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?