Үй құстары №11 (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

 Үй құстары №11 (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Үй құстары №11
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру
Сабақ мақсаттары:
1. Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну
2. Тірек сөздердің көмегімен мәтін құрастыру
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырып бойынша сөйлемдер құрайды
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, тірек сөздерді қолданып, мәтін құрастырады.
Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша білетін қосымша ақпаратымен бөліседі.
Сабақ барысы: Үй жұмысын тексеру
Оқушылар екі топқа бөлініп, «Құстарға қамқорлық «тақырыбында дайындаған жұмыстарын оқиды. Топ ішінде тыңдалып, сәтті орындалған жұмыстар сыныптың алдында оқуға ұсынылады (әр топтан 2 жұмыс).
Сынып оқушылары «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.
Сабақ мақсатымен таныстыру
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Тақырып бойынша мәтін құрастырамын.
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суретті сөздік арқылы, анықтама беру арқылы меңгерту
үй құстары- үйдің ауласында жүреді, адамдар жем береді, су береді
төмен –жоғары
үйрек қаз
әтеш тауық
Сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құру.
Үлкен үйрек, тауықтың балапаны, бес қаз, әтешке су беру
Тауықтың балапаны жем жеді.
(Т) Тыңдалым
Тыңдалым алды тапсырма
Венн диаграммасын толтыру: үй құстары мен жабайы құстарды салыстырады.
(Ж) Тыңдалым тапсырмасы
Тыңдалым мәтіні
Атамның қорасында үй құстары бар. Үй құстарына қаз, үйрек, тауық, әтеш жатады. Үй құстары төмен ұшады.
Атам құстарға ұя жасады. Олар сол ұяда жатады. Мен құстарға жем, су беремін.
Мәтінді 2 рет тыңдайды. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойып, сөйлемдерді толықтырып жазады.
Керекті сөздер: Қайда?Қалай Кім? Не? Нелер?
• Атамның қорасында ... бар?
• Үй құстарына ... жатады?
• Олар ... жатады?
• Үй құстары ... ұшады?
• ... құстарға ұя жасады?
Орындап болған соң, жұптар келесі жұппен бірлесіп, жұмыстарын талдайды. Жауаптарын бағалайды.
(«Өте жақсы», «Жақсы», «Талпын», «Ойлан»)
(Ө) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
Сурет бойынша сөйлемдерді толықтырады.
Атамның ... үй құстары бар. Үй құстары: ..., ..., ..., ..., ... .
Үй құстары ... ұшады. Біз үй құстарына ... .
(Дәптерлерін жинап тексеру)
(Ж) Оқылым. Диалогты рөлге бөліп оқиды. Сөйлемдерді интонациясына сәйкес оқуларын ескерту.
-Әлібек, мынау қандай құстар?
-Бұл – үй құстары.
-Мынау не?
-Бұл- үйрек.
-Мынау не?
-Бұл- тауық.
-Мыналар ше?
-Мынау-қаз. Анау- әтеш. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 116



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!