Үй жануарлары –жанды табиғат №3 (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Үй жануарлары –жанды табиғат №3 (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Үй жануарлары –жанды табиғат №3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту
3.4.5.1 жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазу
Сабақ мақсаттары:
1. Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну
2. Жаңа сөздерді дұрыс жазу
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді
Оқушылардың көпшілігі: мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, жаңа сөздерді сөздікке сүйеніп, сауатты жазады
Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтіндегі ақпаратты өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді.
Сабақ барысы: « Жақсы ма?»
- Досың болған жақсы ма?
- Жақсы! Жақсы! Жақсы!
- Сабаққа дайындығымыз жақсы ма?
- Жақсы! Жақсы! Жақсы!
-Көңіл-күйіміз жақсы ма?
-Жақсы! Жақсы! Жақсы!
Өткен тақырыпты еске түсіру.
«ИӘ» және «ЖОҚ» ойыны (Ортаға екі орындық қарама-қарсы қойылады. Бір орындыққа «ИӘ» , екнші орындыққа «ЖОҚ» сөздері жазылған қағаздарқ ойылады. Оқушылар екі топқа бөлініп, екі қатарға тұрады. Ортаға кезекпен бір-бір оқушыдан шығады. Мұғалім өтілген тақырып бойынша бұрыс немесе дұрыс сөйлемді оқиды. Айтылған ақпарат дұрыс болса, соған сәйкес орындыққа отырып үлгеруі керек).
1. Өсімдіктер жанды табиғатқа жатады.
2. Құстар су ішпейді.
3. Жанды табиғат өзгереді.
4. Тау жанды табиғатқа жатады.
5. Табиғат жанды және жансыз болады.
6. Жансыз табиғат өседі.
7. Жанды табиғат тыныс алады.
8. Жансыз табиғат өзгермейді.
9. Адам-табиғаттың бір бөлшегі.
10. Адам табиғатсыз өмір сүре алады.
11. Су, ауа адамға өте қажет.
Сабақ мақсатымен таныстыру
Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Сөздерді қатесіз жазамын.
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суреттер арқылы меңгерту
қой, сиыр, жылқы,түйе, қора
Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру
Қой сатып алу. Атам қой сатып алды.
Жылқыға су беру. Мен жылқыға су бердім.
Сиырға шөп салу. Біз сиырға шөп салдық.
(Ж) Тыңдалым
Менің атам бар. Ол ауылда тұрады. Атамның малы бар. Қорада сиыр, жылқы, қой бар. Олар – үй жануарлары.
Мәтінді екі рет тыңдайды. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазады.
Үлгі: Менің атам ... тұрады. Атамның ... бар. Қорада ..., ..., ... бар. Олар - ... .
Жұптар орындап болған соң, өз жұмыстарын дұрыс нұсқамен тексереді. Дұрыс нұсқа тақтада көрсетіледі. Жұптар өз-өздерін бағалайды.
(Ө) Жазылым. Сауатты жазуда қиындық тудыруы мүмкін бірнеше сөзді тақтаға жазып қою.
Ауыл, түйе, құлын, сиыр
Оқушылар осы сөздермен сөйлемдер құрап жазады. Қалауы бойынша бірнеше оқушы тақтаға жазған сөйлемдерін жазады.
Бұдан кейін оқулықта берілген суретті сөзге айналдырып оқиды.
 Әлібектің атасы тұрады.
 Атасының бар.
 Қорада бар.
(Ө) Оқылым. «Белгі қойып оқу» әдісі.
Әр оқушы мәтінді оқып, мазмұнымен танысады. Оқып отырып, таныс емес сөздерге немесе түсінбеген тұстарына белгі қойып отырады. Содан кейін қабылдау деңгейі жоғары оқушылар бұл сөздерге түсінік береді.
Оқылым мәтіні
Жазда атамның ауылына бардым. Атамның қорасында жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі бар. Оларды «үй жануарлары» немесе «мал» деп атайды. Мен атама көмектестім. Малға шөп салдым. Қораны тазаладым.
Мәтін соңындағы сұрақтар жеке қағаздарға жазылып, қобдишаға салынады. Бірнеше оқушы қағаздағы сұрақты таңдап, сол сұраққа ауызша жауап береді.
Сұрақтар:
1. Әлібек жазда қайда барды?
2. Атасының қорасында не бар?
3. Үй жануарларын тағы қалай атайды?
4. Әлібек атасына қалай көмектесті?
5. Үй жануарлары қандай табиғатқа жатады?
«Шапалақ» әдісі арқылы жауаптарын бағалайды.
«Орташа» жауапқа 1 рет шапалақ ұру.
«Жақсы» жауапқа 2 рет шапалақ ұру
«Тамаша» «Өте жақсы» жауапқа 3 рет шапалақ ұру
(Ө) Оқылымнан кейінгі тапсырма
Сөйлем Дұрыс Бұрыс Айтылмаған
Әлібектің атасы қалада тұрады.
Әлібек жазда ауылда демалды.
Атасының малы көп.
Қорада 100 қой бар.
Сиыр үй жануарына жатады.
Әлібек атасына көмектескен жоқ.
Оқушылар қасында отырған көршісімен жұмыстарымен ауысады. Мұғалімнің оқыған дұрыс нұсқамен көршісінің жауабын тексереді және бағалайды. ....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 480



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?