Ілияс Жансүгіров (Заводта)

 Ілияс Жансүгіров (Заводта)

Қабат - қабат салынған,
Бөлек - бөлек болат үй,
Электр шамы жағылған,
«Тұр, жұмысшы, киім ки!»
Деп, гудогі гүрілдейді.
Ұршықтар ойнап, билеп би,
Дөңгелектер дүрілдейді.
Машинада қоңыр күй...
Арыстандай толғанып,
Жалын көкке бойлайды;
Жолбарыстай жынданып,
Темір тербеп толғайды.
Толғатқандай отты пеш,
Салады бебеу ойбайды.
Қолы - басы күйелеш,
Онымен жұмысшы ойнайды.
Қап - қара тұтқыш қаһарман,
Күйелі қара құмандай,
Булыға буға қақалған,
Тұнжырайды түтін тұмандай.
Қызыл темір қылмаңдап,
Ырғиды оқжыландай.
Жұмысшының жылдамдап,
Қышқашы қысады қырандай.
Шұрқ - шұрқ еткен шойын шоқ,
Қазанда қайнап бітеді.
Бөренедей темір от,
Тербеліп тесікті өтеді.
Сол бөрене ұзарып,
Жіптей ұзап кетеді.
Машина шеге шығарып,
Зырылдап зырқ - зырқ етеді.
Осыны көрген қазақтың,
Ойын мына ой орады:
«Бәріне де жан - жақтың
Осындай оттар толады.
Тегістік деген ұлы үйге
Осылар шеге соғады.
Күндердің сондай күнінде
Біздің де ел сондай болады»

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!