Ілияс Жансүгіров (Сәтімбекұлы Иманбектің жырынан)

 Ілияс Жансүгіров (Сәтімбекұлы Иманбектің жырынан)

Терезеден келді де,
Мылтық сонда атылды.
Шейіт қылып оларды
Қызыл қанға батырды.
Абақтыда жақсылар
«Иә, Алла!» — кеп ақырды.
Терезеден атып сап,
Қанын судай сапырды.
Құдіретімен құдайдың
7Есік сонда ашылды.
Алыс емес бұл өлім,
Ажал келсе жақын-ды.
Қырып жатыр жақсыны,
Шейіт қаны шашылды.
Сол екен ғой басы енді,
Қызыл қанға батырды.
Жаман емес әмбесі
Шын кемеңгер ақылды.
Ашылған соң есігі
Қашып шықты далаға.
Жолықты ғой жақсылар
Мұндай болған пәлаға.
Қайтамыз деп алдалап,
Тырмысыпты дауалға.
Ер Жаңабай атылып
Қала берген дауалда.
Шейіт болды жақсылар
Жазуы солай әуелде.
Қорыққанынан алдалап
Сол дауалдан қарғыды.
Құтқар өзің Алла деп
Өңкей жақсы зар қылды.
Не боларын білмейді,
Бір Алланы әл қылды.
Шейіт қылып соларды,
Қарақолда атты ғой.
Шейіт болған жақсылар
Сол жерде өліп жатты ғой.
Төрт кісіні сол жерден
Алланың өзі қақты ғой.
Тұрлықожа, Жайшыбек,
Әбубәкір, Біләлмен
Өлімнен аман қапты ғой.
Өкшесінен оқ тиіп
Ұзақ ырғып кетті ғой.
Әрең қашып ер Ұзақ,
Үйге кіріп кепті ғой.
Ұстап беріп қашқарлық,
Ұзаққа ажал жетті ғой.
Әбдіқалық, Серікбай
Қайқыға қарай айдалды.
Келе жатыр жүгіріп,
Екі көзі жайнады.
Өлеміз деп қай жерде
Қызыл тілі сайрады.
Дәл Қайқыға келгенде
Атылып олар жайғалды.
Құлағынан оқ тиіп
Алдаберген аламан
О байғұс аман қапты енді

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?