Фариза Оңғарсынова (Әзіл)
Жабырқап жүргеннен бе жүдеп кей күн –
елпіл жоқ, меңіреу бір түнектеймін.
«Аспаннан құлап қапты – анау жерде
Күн жатыр!» – десе біреу, дір етпеймін.
«Бас қосып сауысқанның мыңы бүгін,
ел бопты, - десе, - содан ғылым ұғын», -
міз бақпай мелшиемін, түбі солай
боларын білгендей-ақ күнібұрын.
Жасымнан ел таныдым, жыр таныдым,
басылды неге бұлай күрт арыным?
«Есерсоқ данышпанға айналыпты! -»
десе де, бүлк етпейді бір тамырым.
Қалған ба жан дірілін балдыр басып,
күндер жоқ жарқын жүрер қалжыңдасып.
Ешкімге, еш нәрсеге баяғыдай
әйтеуір таңданбаймын аузымды ашып.
Жанымды жайлау етіп сараң күдік,
сәтім аз шаттанатын жанар жібіп.
Досыма сыр ақтардым дегенде де,
ішіме бірдеңенің қалам бүгіп.
Күлгенің, күрсінгенің, жылағаның,
түн кезіп тыңдағаның бұлақ әнін,
өтірік секілді енді соның бәрі.
Қайда ауды астаң-кестең құмар-ағын?
Айналып жан дүнием қамалға ерек,
самарқау көз саламын жанарды егеп.
Таңданбас, жаны ашымас құдай деуші еді,
қорқамын соған ұқсап барам ба деп.
***
Көре алмай, іші күйіп жар сабаған
тыржиып жақтырмасын барша жаман.
Ал менің намысымды сырттай жыртып,
жүретін жақсы көріп қаншама адам!
Шалдықпай шырқасын деп ән-шағалам
сипайтын маңдайымнан қаншама ағам!
Саны жоқ апа, жеңгем, қатерлерден
жылайтын, қуанатын қалсам аман.
Жаныма қуат беріп соның бәрі,
шатқалды шыңдарды алдым жолымдағы.
Сол тілек қорғалап жүр жүрегімді,
әйтпесе қанша жарға соғылмады.
Оларсыз қалар ем мен қанаттанбай,
жарқылдап жүрегімнен ән ақтармай.
Еске алып ел сезімін, кейде отырам
биіктеп, көкірегімде таң атқандай.
Халқымсыз тілегімді кім тілерін
білмеймін, сөз таба алмай іркілемін.
Ол жалғыз мені туған ауыл емес,
ол мынау қазақ атты жұртым, елім.
Сағынып алыс кетсем бұлты, желін,
шықтарды шара көзге іркіп едім.
Кіміме сүйенер ем болмаса егер
ел деген алтын діңгек бір тірегім!
елпіл жоқ, меңіреу бір түнектеймін.
«Аспаннан құлап қапты – анау жерде
Күн жатыр!» – десе біреу, дір етпеймін.
«Бас қосып сауысқанның мыңы бүгін,
ел бопты, - десе, - содан ғылым ұғын», -
міз бақпай мелшиемін, түбі солай
боларын білгендей-ақ күнібұрын.
Жасымнан ел таныдым, жыр таныдым,
басылды неге бұлай күрт арыным?
«Есерсоқ данышпанға айналыпты! -»
десе де, бүлк етпейді бір тамырым.
Қалған ба жан дірілін балдыр басып,
күндер жоқ жарқын жүрер қалжыңдасып.
Ешкімге, еш нәрсеге баяғыдай
әйтеуір таңданбаймын аузымды ашып.
Жанымды жайлау етіп сараң күдік,
сәтім аз шаттанатын жанар жібіп.
Досыма сыр ақтардым дегенде де,
ішіме бірдеңенің қалам бүгіп.
Күлгенің, күрсінгенің, жылағаның,
түн кезіп тыңдағаның бұлақ әнін,
өтірік секілді енді соның бәрі.
Қайда ауды астаң-кестең құмар-ағын?
Айналып жан дүнием қамалға ерек,
самарқау көз саламын жанарды егеп.
Таңданбас, жаны ашымас құдай деуші еді,
қорқамын соған ұқсап барам ба деп.
***
Көре алмай, іші күйіп жар сабаған
тыржиып жақтырмасын барша жаман.
Ал менің намысымды сырттай жыртып,
жүретін жақсы көріп қаншама адам!
Шалдықпай шырқасын деп ән-шағалам
сипайтын маңдайымнан қаншама ағам!
Саны жоқ апа, жеңгем, қатерлерден
жылайтын, қуанатын қалсам аман.
Жаныма қуат беріп соның бәрі,
шатқалды шыңдарды алдым жолымдағы.
Сол тілек қорғалап жүр жүрегімді,
әйтпесе қанша жарға соғылмады.
Оларсыз қалар ем мен қанаттанбай,
жарқылдап жүрегімнен ән ақтармай.
Еске алып ел сезімін, кейде отырам
биіктеп, көкірегімде таң атқандай.
Халқымсыз тілегімді кім тілерін
білмеймін, сөз таба алмай іркілемін.
Ол жалғыз мені туған ауыл емес,
ол мынау қазақ атты жұртым, елім.
Сағынып алыс кетсем бұлты, желін,
шықтарды шара көзге іркіп едім.
Кіміме сүйенер ем болмаса егер
ел деген алтын діңгек бір тірегім!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?