Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өмірдің ұнап ойынын)

 Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өмірдің ұнап ойынын)

Өмiрдiң ұнап ойынын,
Шатыраш ойнап жүрмiн шат.
Жер ашып тұр қойынын:
«Кел жылдам,– деп,– көрге жат!»

Сен мерзiмсiң, мен жаяу,
Қайтып ұтам, ойбай-ау,
Төрге барсам мен таяу,
Қылмас па екем ханды мат?

Аяңдап жүрiп төр алдым,
Мен де мерзiм бола алдым,
Тiршiлiктен ояндым,
Сайра, тiлiм, жорғалат.

Ұқтырмасам нұрыңды,
Түсiрмесем түрiңдi,
Аша алмасам сырыңды,
Аузымды ашам, тiлiмдi ат.

Айқын нұрды көрмесем,
Айтқаныңа ермесем,
Жолыңда жанды бермесем,
Көрiнбей маған күнше бат.

Ұстатпасам бiлегiм,
Сен болмасаң тiлегiм,
Бас ұрмаса жүрегiм,
Өлтiр, қаным сорғалат.

Тұла бойымды уытта,
Жанымды өрте суырт та,
Маңайыңа жуытпа,
Жүрегiмде болса тат.

Сен – патcасың, мен – кедей,
Кетпе құлыңды елемей.
Өлейiн бе үндемей,
Жан шығарда айтпай дат.

Болып едiм ой құлы,
Ойым кездi бiр жылы,
Кезген ойым арқылы,
Жүрегiме жаздың хат.

Баспасам да iзiңдi,
Сезбесем де сырыңды,
Көрмесем де жүзiңдi,
Тидi бiзге аманат.

Жазған Хаттың сырымен,
Жарқыраған нұрымен,
Тазарып жүрек кiрiнен,
Қайғыдан басым болды азат

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі