Түнгі студияға Келін телехикаясының басты кейіпкері Ананди рөлін сомдаған Авика Гор келеді

Түнгі студияға Келін телехикаясының басты кейіпкері Ананди рөлін сомдаған Авика Гор келеді

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында көрсетіліп жатқан «Келін» телехикаясының басты кейіпкері - Анандиді сомдаған Авика Гор 6-наурыз күні «Түнгі студияда» қонақта болады.

Авика Гор 1997 жылы 30 маусымда Үндістанның Мумбай қаласында дүниеге келген. Кинодағы алғашқы қадамы (2008 жылы) «Келін» («Балика Бадһу») фильмінен басталған.
Сол жылы ол Жапонияда өткен Халықаралық драмалық фильмдер фестивалінде жүлде алады. Ал 2010 жылы ол «Үздік балалар рөлі» аталымы бойынша «Indian Tell Awards» марапатына ие болды. Раджив Ганди ұлттық сыйлығының иегері.

«Бала күнгі арманым - Әлем аруы атану еді. Мақсатым айқын болғандықтан, балалық шағымнан соған талпындым. Сол үшін де барлық шақыртуларды қуана қабылдадым. Менің достарым балалармен ойнаса, мен жұлдыздармен бірге ойнадым», дейді актер бір сұхбатында.

Авика Гор «Келіннен» бөлек, 2009 жылы режиссер Аруп Дуттаның «Таңғы серуен» драмасына, 2010 жылы Миленд Укейдің комедиялық жанрдағы «Мектеп», 2012 жылы «Жылдамдық», 2013 жылы «Uyyala Jampala», «Care of Footpath» фильмдеріне түскен.

Қазіргі таңда үлгілі отбасының ұйытқысы, ұлтының салт дәстүрін қалтқысыз сақтап, ибалы келін атанған Анандидің кино әлеміндегі қызықтары туралы «Түнгі студияның» 6-наурыз күнгі шығарылымынан тамашалай аласыздар.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!