Қадыр Мырза Али (Алуан палуан)

 Қадыр Мырза Али (Алуан палуан)

КӨТЕРГІШ КРАН
Кран деген бек қызық:
Басын бұлттан өткізіп,
Тұрады ылғи
Тұмсығын
Тура көкке жеткізіп.
Бір күні өзің келіп сен
Белдесіп көр, желіксең.
Түу аспаннан шығасың
Тіліне бір іліксең.
Жалқау емес сұлаған,
Жұмысшыға ол ұнаған.
Ерте шығып ұядан,
Кеш батады күн оған.
Қораны, үйді, сарайды
Көтеруге ол жарайды,
Күш сынасар кім бар деп,
Мойнын созып қарайды.

ЭКСКАВАТОР
Мойын деген бақандай,
Ауыз деген апандай,
Күрек тісі кетпендей
Көк тасқа да өткендей.
Бар керемет арыны,
Қызығы: жоқ қарыны.
Сонда-дағы ол тұрып,
Ұртын мықтап толтырып,
Қырат демей, дөң демей,
Артық демей, кем демей,
Жерді жеуін қоймайды,
Бірақта бір тоймайды.
Көлік болып ол ерге
Жүріп өтсе,
Сол жерге
Үй тұрады қамал боп,
Су ағады канал боп...

БУЛЬДОЗЕР
Шымға қадап тұрады
Шынжыр-шынжыр тұяқты.
Шегініп кеп ұрады
Шақар қошқар сияқты.
Тұқыртып ап нән басты
Тауды қозғар сырғытып.
Түйіп қалса,
Жартасты
Жібереді ырғытып.
Жегіп жүріп көп іске,
Жігер оны меңгерді.
Тау тұрғызып тегіске,
Тегістейді дөңдерді.
Неге керек обалы,
Арымайды жұмысқа.
О тұстағы обаны
Әкеледі бұл тұсқа.
Ол салғанда табанға
Қалар болат болбырап.
Қолы өнерлі адамға
Қойдан жуас ол бірақ

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!