Күләш Ахметова (Ая София)

 Күләш Ахметова (Ая София)

Бұл сарай — сәулетімен бірге өзінің
Қоңырауы мезгілдің бір кезінің.
Түйсігі туа бөлек жүрек керек
Түсініп тыңдау үшін күмбез үнін.
Бар ма екен адамзатта бүтін бауыр,
Бір кезде жолықпайтын үкімге ауыр?
Киелі қабырғалар арасынан
Өтіп бара жатқандай бүкіл дәуір.
Ұлы ойлар жерде тұтас қиыспаған,
Қай кезде түсінуге тиісті адам?!
Әлемдік әділ ілім сол болса да,
Бір дінмен екіншісі сыйыспаған.
Ер түрік қалдырмады басын қайда?
Арпа да сабақ алмас шашылмай дән.
Баласы баласының ұғар ма екен
Бабасы құрғандығын не үшін майдан?!
Көп ойлар келер. Мәні сонда өнердің,
Адаммен мәңгі бірге ардагер мұң.
Жұлдызы жүз жылдарда төмендемес
Патшасы халқына адал болған елдің!
Ғимарат — даңқы бөлек — дәулеттегі ең,
Дайындықсыз кірдім ғой, әлбетте, мен.
Қолдарыма қарадым көп ойланып,
Алақанның ізі ғой сәулет деген!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!