Жамбыл Жабаев (Мұғалімдерге сәлем)

 Жамбыл Жабаев (Мұғалімдерге сәлем)

Кәрі, жасын елімнің,
Тұнығына білімнің
Жүздірген тау бұлақтай,
Таңдауындай тарихтың,
Көзін ашып халықтың
Түнде жанған шырақтай, —
Оқытушы мұғалім
Білімі елге мағұлым,
Оқытып ел баласын.
Ашып көңіл санасын,
Оқымысты жастарды
Өсірді сүйрік құрақтай.
Гүлім бар ма ед жерімде,
Білім бар ма ед жерімде,
Октябрьден жарқырап
Туғаныңша таң атпай.
Октябрь күні туғалы,
Болатпен белді буғалы —
Сталиннің нұрымен
Халқым бақыт құшақтап
Жерім болды жанаттай.
Оқытушы мұғалім,
Сендерді өмір нұрлады,
Сені алтын таң аялап,
Еңбегіңді бағалап,
Үкімет — ұлы штабың,
Қадірлеп ұлы Сталин
Орден тағып сыйлады.
Біздің елдей ел бар ма,
Мұғалімді сыйлаған,
Жан бар ма, сірә, басқа елде
Еңбегі біздей сыйланған.
Ғасырлардың ардақты
Ғасыры бізде жүлде алған.
Басқарушы большевик
Партиясы нұр жанған,
Тоқсаннан асқан жасымда
Сталиннен нұр алған,
Отан үшін сондықтан
Жамбылдың жыры жырланған

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 6
  1. Көтенді ЖАЛА
    Көтенді ЖАЛА 28.02.2021 15:28
    1 + 4 -
    Вхахах
  2. Оқырман Мұғалім
    3 + 0 -
    Рақмеет Жамбыл Жабайұлы
  3. Оқырман Ерсултан
    3 + 0 -
    Күшті
    1. Бро
      Бро 28.02.2021 13:55
      1 + 1 -
      Т_Т ЖАМАН
  4. Бро
    Бро 28.02.2021 13:53
    2 + 0 -
    Кообще вушты
    1. Оқырман жомарт
      Оқырман жомарт 17.03.2021 12:34
      2 + 0 -
      күшті