Жамбыл Жабаев (Кеңес жауынгерлеріне)

 Жамбыл Жабаев (Кеңес жауынгерлеріне)

Ызғарлы қыстың желінен,
Ауыздан шыққан лебіммен
Жырымды күйлі пернеден
Немерем, балам, шөберем
Тағы да бір тыңдасын.
Ерлеріне майданның
Түйінін шешіп толғаудың
Шешіне Жамбыл жырласын.
Белдескен жаудан таймаған
Жанары оттай жайнаған,
Жүректе кегі қайнаған,
Фашистерді қыйратып
Оқпен қуып айдаған;
Алғалап қылыш қайраған,
Туған жерін сақтауға
Тасқандай күші арпадан.
Қызыләскер ұлына
Кәрі ақын жырын сайласын.
Ерлерім, көріп қуанам
Жауға сұсты түріңді.
Ер туған ата бабаның
Түріне ұқсас қадамың,
Жыры түгіл жыраудың,
Ел сізге несін қыймасын.
Ақ сүтін беріп емізген,
Өсіріп батыр дегізген,
Сылап, сыйпап майданға
Аттандырып өргізген —
Анаға сендер сүйеніш,
Ел қорғар ер боп туғасын.
Қамы үшін ана ұлының
Тігіп жылы киімін
Жіберуде майданға
Жылытсын деп тұлғасын.
Қаруың болат құйылған,
Құрышынан халықтың,
Ер етіп сені өсірген
Ерік алған халық алып тым.
Қолынан ұлы Лениннің
Жасалған бағын елімнің
Ала алмайды ешкім де,
Ол — таңы мәңгі тарихтың.
Қыйратқан халық дұшпанын,
Қуатты күн Сталин,
Ол — майырылмас құрышы
Қамалды болат сауыттың.
Көктен келген дұшпанға
Қара жерді қаптырған;
Судан келген дұшпанның
Кемесін суға ақтырған;
Жерден келген дұшпанға
Ақ қарда ажал таптырған.
Ер туған біздің жауынгер
Ұрпағы батыр алыптың.
Майданда олар белдесіп,
Бағы үшін сәби баланың,
Бойын кернеп ұлы ашу
Кегі үшін қала, даланың,
Жойып жатыр жауларды,
Жауызға енді бас қайғы.
Дұшпан әбден сөгіліп,
Болмаса да жеңіліп,
Әлде де тырнақ салуға,
Ойласа да шабуға
Елірсе де құтырып,
Оны жерден сыпырып,
Қызыл ер қырқып тастайды,
Қарлы күн қақпай қабағын..
Күнбатысқа жанарын
Аударып алыс назарын,
Жаңбырдай оғын жаудырып,
Фашистің қыйып аяғын,
Біздің қызыл қырандар
Жауды күн-түн жасқайды!
Жау сазайын береміз
Жалтартпастан жеңеміз!
Фашистің тобын жойғызып,
Оққа көзін ойғызып,
Қардан кебін кигізіп,
Біздің Қызыл Армия
Жеңіс туын жария
Қолына мәңгі ұстайды

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі