Мағжан Жұмабаев (Тұтқын (М.Д.-ға хат))

 Мағжан Жұмабаев (Тұтқын (М.Д.-ға хат))

Кеудеде – от, iште – жалын, көзде – жас,
Күнi-түнi қайғы жұтқан сорлы бас.
Сабан төсек, дым, қараңғы жатағы,
Наны қара, шайы қара, қарны аш.

Күн түсiрмес мейiрiмi жоқ қара
Ағармай ма мұндай үйде қара шаш?
Жанында жоқ жаны ашитын жақын жүз,
Тасбауырлар ыңғайына қарамас.

Жарық сәуле – не Ай, не Күн көрсетпес,
Жақынының “Ой, бауырымын!” естiрмес.
Iс санаулы, сөз аңдулы, ерiк жоқ,
Өз қолымен ұнамды тон пiштiрмес.

Қайғыланба, сорлы тұтқын, еш нетпес,
Күн батқанмен, таң атпайтын түн жетпес.
Ер жүректi азаматтың басына
Бұл жалғанда нелер келiп, не кетпес?!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. серікбай маханұлы
    0 + 0 -
    АҚҚУЫМ БОЛШЫ.
    МЕН КӨРДІМ СҰЛУ ҚЫЗДЫҢ СЫЛАҢДАҒАН, . ЖОЛЫҚТЫМ КЕШКЕ ЖАҚЫН СЫР АЛМАҒАН. . АТЫҢДЫ АЙТШЫ МАҒАН БІР КӨРКЕННЕН, . ШЫНЫМЕН ҒАШЫҚ БОЛДЫМ ЖЫЛАЛМАҒАН.

    ҚҮН СӘУЛЕ ЖАРЫҚ БЕРІП СОЛ КЕШІНЕ, . ОТ БОЛЫП ЖАНАДЫ ҒОЙ БІР ЕСІНЕ . . . ҰСЫНДЫМ ҚЫЗҒАЛДАҚТАЙ ЖЕЛБІРЕТІП . ЖҮРЕГІМ АЛЫП ҰШЫП БІР - БІРІНЕ.

    ӘУРЕ БОП ЖҮР ЕКЕНМІН МЕН ҚАЛАЙША, . . НЕ СЕБЕЛ БОСТАН БОСҚА СҰРАҒАНША. . ТАРАНҒАН АҚҚУ БОЛШЫ КӨЛДЕ ЖҮЗГЕН . ІЗДЕЙМІН КҮНДІЗ – ТҮНІ ҚҰЛАҒАНША .