Ахмет Байтұрсынов (Нәбек аты)
Арабтың Нәбек деген жалғыз аты -
Сол екен болған малы, мүлкі, заты.
Озбайтын шапса жылқы асқан жүйрік,
Бітпеген өзге аттарға түр-сипаты.
Күн сайын жал-құйрығын сүзіп тарап,
Суарып мезгілімен, жемдеп, қарап,
Өткізбей күндіз ыстық, түнде суық,
Адамнан атын артық күтеді араб.
Бар екен Дайыр деген бір асқан бай,
Малы көп, түрлі бұйым бәріне сай.
Мұңы зор: сонша байлық ортасында
Аты жоқ жылқысында жарлы атындай.
Ал деді, аямады малын, затын,
Алмады, бермеді де Нәбек атын:
Атқұмар атын қимас, жанын қияр, -
Атынан еш нәрсе жоқ оған жақын.
Дайырда күндіз күлкі, түнде ұйқы жоқ,
Жарлыдай жалғыз атты, бай сиқы жоқ.
Алмаққа Нәбек атын амалменен,
Ойлады алдайын деп бір пақыр боп.
Жүретін Нәбек һаман жолын біліп,
Үстіне салқам-салқам киім іліп,
Ауру, халі мүшкіл мүсәпірше,
Отырды жол шетінде аһ-уһілеп.
Оңаша, жолдасы жоқ, жалғыз өзі
Нәбікті келе жатқан көрді көзі.
Өтерде нақ қасынан бишарасып,
Ыңқылдап, міне, Дайыр айтқан сөзі:
«Е, жаным!
Мен жолаушы, жолым алыс,
Адам жоқ бұл маңайда маған таныс.
Ауру, дәм татпаған үш күндей аш,
Орнымнан жылжу маған қиын жұмыс.
Атыңмен анау елдің ортасына
Жеткізсең, берер едім көп-көп алғыс!»
Тоқтатып, басын тартып, Нәбек атты:
«Жарайды, мінгесе ғой, кел!» - деп айтты.
Сөйлейді тағы Дайыр жыламсырап:
«Халім жоқ, міне алмаймын, дертім қатты».
Атынан, бұл сөзді естіп, түсті Нәбек,
Көтеріп мінгізді ерге сүйеп, демеп.
Тиюі тізгін қолға мұң-ақ екен,
Жөнелді, бір тебініп,
Дәкең шу деп.
Шығып ап оқ бойы жер, қарап кейін,
Ойлайды: бірдеме оған деп кетейін.
«Әй, Нәбек!
Кім екенім білдің бе енді?
Атыңнен қоштас, аңқау, сорлы ақпейіл!»
«Тұра тұр, - Нәбек айтты, - тоқтап солай,
Атыма асық еді адам талай.
Тілейтін жалғыз сенен тілегім сол -
Адамға айта көрме - алдың қалай?»
«Бұл не сөз? Не тілек?» - деп бай таңданды,
Мәнісін білейінші деп ойланды:
«Айтпа деп сонша өтініп, жалынасың,
Көрерсің айтсам онан не залалды?»
«Ойлама, - Нәбек айтты - арбайды деп,
Қол жетпей, тілін құрап, жалғайды деп.
Оқиға бұл секілді шықса аузыңнан,
Білгейсің жайылмай, жай қалмайды деп.
Қалайша алғаныңды жұрт естісе,
Қараспас шын пақырға, алдайды деп».
Мұны естіп, Дайыр жылдам аттан түсті:
Ұққанға адал сөзден бар ма күшті!
Құлашын жайып, қойнын ашып келіп,
Нәбекті сүйіп Дайыр, мойнын құшты.
Ебі көп, дорбасы жоқ қайыршылар,
Ебіне Құдай көнсе, байыр шығар.
Арымай алдырғанға Нәбекшілеп,
Адам аз айтқанды ұғып Дайыршылар.
Жақын боп, жақындықты ебім дейді,
Бергенді алдым еппен тегін дейді.
Қайтармай қарыз алып кейбіреулер,
Алдадым, бермей кеттім, жедім дейді.
Осындай ер басына іс көп келер,
Білмеспіз кімге қалай, кім дөп келер!
Сұмдығы сұраушының азаймаса,
Не жөн бар қайырсыз деп жұртқа өкпелер
Сол екен болған малы, мүлкі, заты.
Озбайтын шапса жылқы асқан жүйрік,
Бітпеген өзге аттарға түр-сипаты.
Күн сайын жал-құйрығын сүзіп тарап,
Суарып мезгілімен, жемдеп, қарап,
Өткізбей күндіз ыстық, түнде суық,
Адамнан атын артық күтеді араб.
Бар екен Дайыр деген бір асқан бай,
Малы көп, түрлі бұйым бәріне сай.
Мұңы зор: сонша байлық ортасында
Аты жоқ жылқысында жарлы атындай.
Ал деді, аямады малын, затын,
Алмады, бермеді де Нәбек атын:
Атқұмар атын қимас, жанын қияр, -
Атынан еш нәрсе жоқ оған жақын.
Дайырда күндіз күлкі, түнде ұйқы жоқ,
Жарлыдай жалғыз атты, бай сиқы жоқ.
Алмаққа Нәбек атын амалменен,
Ойлады алдайын деп бір пақыр боп.
Жүретін Нәбек һаман жолын біліп,
Үстіне салқам-салқам киім іліп,
Ауру, халі мүшкіл мүсәпірше,
Отырды жол шетінде аһ-уһілеп.
Оңаша, жолдасы жоқ, жалғыз өзі
Нәбікті келе жатқан көрді көзі.
Өтерде нақ қасынан бишарасып,
Ыңқылдап, міне, Дайыр айтқан сөзі:
«Е, жаным!
Мен жолаушы, жолым алыс,
Адам жоқ бұл маңайда маған таныс.
Ауру, дәм татпаған үш күндей аш,
Орнымнан жылжу маған қиын жұмыс.
Атыңмен анау елдің ортасына
Жеткізсең, берер едім көп-көп алғыс!»
Тоқтатып, басын тартып, Нәбек атты:
«Жарайды, мінгесе ғой, кел!» - деп айтты.
Сөйлейді тағы Дайыр жыламсырап:
«Халім жоқ, міне алмаймын, дертім қатты».
Атынан, бұл сөзді естіп, түсті Нәбек,
Көтеріп мінгізді ерге сүйеп, демеп.
Тиюі тізгін қолға мұң-ақ екен,
Жөнелді, бір тебініп,
Дәкең шу деп.
Шығып ап оқ бойы жер, қарап кейін,
Ойлайды: бірдеме оған деп кетейін.
«Әй, Нәбек!
Кім екенім білдің бе енді?
Атыңнен қоштас, аңқау, сорлы ақпейіл!»
«Тұра тұр, - Нәбек айтты, - тоқтап солай,
Атыма асық еді адам талай.
Тілейтін жалғыз сенен тілегім сол -
Адамға айта көрме - алдың қалай?»
«Бұл не сөз? Не тілек?» - деп бай таңданды,
Мәнісін білейінші деп ойланды:
«Айтпа деп сонша өтініп, жалынасың,
Көрерсің айтсам онан не залалды?»
«Ойлама, - Нәбек айтты - арбайды деп,
Қол жетпей, тілін құрап, жалғайды деп.
Оқиға бұл секілді шықса аузыңнан,
Білгейсің жайылмай, жай қалмайды деп.
Қалайша алғаныңды жұрт естісе,
Қараспас шын пақырға, алдайды деп».
Мұны естіп, Дайыр жылдам аттан түсті:
Ұққанға адал сөзден бар ма күшті!
Құлашын жайып, қойнын ашып келіп,
Нәбекті сүйіп Дайыр, мойнын құшты.
Ебі көп, дорбасы жоқ қайыршылар,
Ебіне Құдай көнсе, байыр шығар.
Арымай алдырғанға Нәбекшілеп,
Адам аз айтқанды ұғып Дайыршылар.
Жақын боп, жақындықты ебім дейді,
Бергенді алдым еппен тегін дейді.
Қайтармай қарыз алып кейбіреулер,
Алдадым, бермей кеттім, жедім дейді.
Осындай ер басына іс көп келер,
Білмеспіз кімге қалай, кім дөп келер!
Сұмдығы сұраушының азаймаса,
Не жөн бар қайырсыз деп жұртқа өкпелер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?