Мұқағали Мақатаев (Сен жуырда өлесің)

 Мұқағали Мақатаев (Сен жуырда өлесің)

Барлық жанның арасынан
сені ғана таңдаймын,
саған хабар арнаймын,
Сен жуырда өлесің,
басқалардай жағынып,
сені алдауға бармаймын,
Бетіңе айтам,
сүйем сені, алайда,
Сен өлесің,
Ешкім қорғай алмайды.
Міне,
менің алақаным,
маңдайыңа басылды.
Сен сезесің,
үндеместен ием келіп басымды,
Үн шығармай,
шын беріле,
отырамын қасыңда,
Мендей болмас сестра да,
туыс әкең, досың да.
Бәрінен де бездірем,
тек қалдырам жаның менен денеңді,
тұсауыңды талқандайсың,
мәңгі өлмейсің сен енді,
Сен емес ол, артта қалған өлігің —
Көң-қосығы сүйек пенен терінің.
Алмағайып,
Жарқ еткенде кенет Күн,
Жаның тыншып,
ойың тулап,
билеп кетті сені екпін.
Азапты, ауыр дидарыңды
күлкіменен кенелттің.
Сенің ауру екеніңді,
сен де, мен де ұмыттық,
сезінбейді не біреу,
Дәріні де байқамайсың,
толқытпайды достарың,
жылау-сықтау, еңіреу,
Тек білесің, мен біргемін сенімен.
Бәрін сенен аулақтаттым,
несін алған қайғыру,
Қайғыруға келген жоқпын,
Келдім сені құттықтап,
Кезінде үшін айрылу

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?