Мұқағали Мақатаев (Қалалық зиратхана)

 Мұқағали Мақатаев (Қалалық зиратхана)

Өлік сақтар қаланың қақпасының алдында,
Шудан қашып, мекерсіп, кілт тоқтадым бардым да.
Өліп қалған жезөкше бір әйелді әкелді,
Керегі жоқ ешкімге дене жатты алдымда.
Дымқыл кірпіш еденге әкелді де, тастады,
Ешкім іздеп келмеді, ешкім хабарласпады.
Әйел заты — қасиет, қасиетте жанарым,
Денесінен көз алмай, қайта-қайта қарадым,
Бір кездегі сымбатты,
ынтық-ыстық жиһазды үй,
Қайта-қайта қаратып, жанарды ұрлап барады.
Құлаққа ұрған танадай,
тыныштық мені бұрмады,
Өліктің күлімсі иісі,
құбырдан аққан су дағы,
Ғажайып үйге қараймын,
бәрін де қойып қиналмай,
Әдемі, әсем, мына бір
ойраны шыққан үй қандай!
Мәңгі өлмейтін алып үй,
бұрын-соңды болмаған,
Салынған мың сан сарайлар
осыған орнын қиғандай,
Біздің Капитолия күмбезі көкке өрлеген,
Немесе ескі ғимараттар бұл үйге тең келмеген.
Бәрінен үлкен осы бір,
кішкентай мекен, кішкене үй,
Бақытсыз әрі тым өжет,
шаңырағы түскен үй!
Әрі ару, әрі үрей — осы бір үй қаусаған,
Әрі жанның тұрағы, әрі өзі жан соған.
Меншігі емес ешкімнің,
жұрттың бәрі қашқан үй.
Дірілдеген ернімнен
демімді алшы шаршаған,
Тамып кеткен жасымды
саған бердім, ал саған!..
Саған,
Шаңырағы шарт сынып,
ойраны мүлде шыққан үй,
Күнә, ессіз құмарлық,
алапат ажал бұққан үй,
Бір кезде думан,
өмірді өз қойнына тыққан үй.
Жарлы үй,
жарлылық өмірін жыққан үй.
Айлар, жылдар сыңғырап,
әшекеймен өткен үй,
Өлім дейтін сапарға
мәңгілікке кеткен үй

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі