Мұқағали Мақатаев (Көз жасы)

 Мұқағали Мақатаев (Көз жасы)

Көз жасы!
Көз жасы!
Көз жасы!
Түнек түнде көз жасы,
жалғыздықта көз жасы,
Тамшыдан соң тамшы кеп, жағалауға тамады,
құм қылғытып алады.
Жұлдыз да жоқ,
жоқ пенде,
түнек,
көздің жасы ағады,
Қара перде жамылған беттен жылжып барады.
О, неткен бұл әруей?
Түнек түнде жылаған?
Құмға барып,
Ұсқынсыз не үйінді құлаған?
Азап пенен өксіктен —
бұлақ ағып, мұң шыққан,
Зар еңіреп тағы үнмен
талықсыған, тұншыққан.
Көлбей жатқан жағада,
дауыл жатты көлбеген,
Түнгі дауыл сұрқай бір еш ырыққа көнбеген.
Жаймен басып жарықта
жап-жақсы едің, ей, елес,
Моп-момақан жүзің де ешкімдерден кем емес.
Алмағайып табаның түнде тайып қалғанда,
Алай-түлей мұхитың ақтарылды арнаңнан,
Ағыл-тегіл көз жасы! Ағыл-тегіл көз жасы!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Елубай ақнұр 05.02.2024ж.
    0 + 0 -
    Маған Мұқағали атамыздың өлеңдері маған қатты ұнайды ,жақында туған күні болады соған өлең жатаңдар деді апай мен содан осы жерге кіріп отырмын