Мұқағали Мақатаев (Токарьдің соңғы сөзі)

 Мұқағали Мақатаев (Токарьдің соңғы сөзі)

Төсектес көрші, ғажайып жанды көрдім мен,
Қатыгез сырқат қос жанарын да сөндірген.
Жауынгер жорық басталыпты да Шығыстан,
Аяңталыпты Батыста жатқан Берлиннен.
Қиналып жатыр,өмірді қиып кете алмай,
Көрік кеудесі көтеріледі от алмай!
Бір түйір ет жоқ, аяқ пен қолы сом сүйек,
Станогында өзі өңдеген металдай.
«Қаншама металл қолымнан өтті, балтадым,
Ағыздым нелер ақ бодаттың да ақ қанын.
Мінеки, енді ажалдың сүп-сұр токарі
Қарашы,- дейді,-
Мені кеп жонып жатқанын».
Бір жұтым суын - бір тәулік бойғы қорегі,
Ауа жетпейді-ау, кеудесін сипай береді.
Демі таусылып, әлсіреп бара жатқанда,
Сыбырлап өтер ғазиз жан былай деп еді:
«Кім ұрлап кетті, кім ұрлап кетті ауамды?»
...Бардым да жұмдым ашылып қалған жанарды.
Мен де айтып тұрмын ол беріп кеткен сауалды,
Кім алып келді, жаңағы тірі адамды?

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді