Мұқағали Мақатаев (Жанарсыз адам келеді)

 Мұқағали Мақатаев (Жанарсыз адам келеді)

Топсасы жұмыр тобылғы томсарып алып келеді,
Толайым мына тірлікті тобылғы таяқ көреді.
Толғанып жүрген бейбаққа,тобылғы таяқ тіл бітсе:
- Алдыңда ор бар, аяулым,бері жүр, бері! -дер еді
Көрінбей оған көктем түр,көрінбей нұр тұр себелеп,
Toп қыздар өтіп барады -топтанып ұшқан көбелек.
Жанарсыз адам келеді,аттай да алмай жақсылап,
Тозығы жеткен асфальтты,тобылғыменен шегелеп.
Іздейді көзін басынан,іздейді көзін аяқтан,
Іздейді көзін қолынан,іздейді көзін таяқтан.
Жанарсыз адам келеді...жанарлы бейқам тірліктен,
Жанарын даулап,дүниені таяқпен түртіп оятқан

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!