Мұқағали Мақатаев (Жыр жалғасы)

 Мұқағали Мақатаев (Жыр жалғасы)

«Шушада, Саян тауы бөктерінде»
В И Лениннің аяқталмаған өлеңінен

П р о л о г

Жер төсінде керуенін шұбалтып,
Өмір көшіп барады.
Селеу жапқан ескі жұрттай мұнартып,
Көп нәрсе өшіп қалады.
Қазы - уақыт барлығын да екшейді,
Барлығын да ол болжаған.
Бірі жаңа, бірі ескіні көксейді,
Әлек болып сонда адам.
Уақыт қой өлтірген де, өсірген,
Кімді тапап, кімді ап шыққан жарыққа
Кімді жазып, кімді сызып өшірген,
Қазы уақыт - редактор тарихқа.
Аңызы боп халықтың,
Кімдер жатыр екі өліп,
Уақыт - қарт қателігін тарихтың
Қарап отыр, арагідік жөтеліп...
Он тоғызыншы алтын ғасыр,
Азабынан арылып,
Амалсыз жер жастанды
Дауыл қуған жалындай,
Біздің ғасыр «Ленині»- деп басталды.
Араласып от пен кек,
Арпалысты бар дүние алқынды
Бара жатты ол Саян тауын бөктерлеп,
Жетектеп ап, жиырмасыншы ғасырды.
Жаңа ғасыр жаңа шеру тартты бір
Жаңа жолға аттанды.
Мәңгілікке тұтқын етіп қарт - Сібір
Қарт ғасырды ап қалды.
Жер бетінде керуенін шұбалтып,
Өтсін өмір. Келсін жаңа адам да.
Білсін олар, жүрдік бір кез жүк артып,
Тарпаң, тағы заманда.
Тулағанмен ете алмады ол тас-талқан
Біздің ғасыр арбасын.
Қазы уақыт «Ленин» деп басталған,
Тарихтын, өзі жазар жалғасын...

1
Айналаң кіл жасыл мақпал,
Ақша бұлтың шашың жапқан,
Ата - Сібір сен бе едің?
Азап өмір қосын тартқан,
Тек күрестен досын тапқан
Перзентіңді қарсы алуға келмедің.
Енесейдей боларсың ба?
(Енесейге рақмет, қарсы алды).
Ал тәкаппар Саян тауы
Суыт жүрген жолаушыға
Heгe сонша тамсанды?
Кісендерін сылдыратып,
Декабрьдің құрбандары өткенде,
Қарт көзін ол бұлдыратып,
Қарағаны ұмыт болып кеткен бе?
Мүмкін жаны кекті болар
Құса шықпай көңілінен.
Кетті олар.
Өтті олар,
Келем, міне енді мен.
Қатал Сібір!
Есіңде ме,
Қабақ шытып, қарағаның?
Есіңде ме,
Құрбан болған балаларың?
Қойның толы байлығыңнан
Heгe оларға қимадың?
...Азап шеккен қайғы мұңнан
Ұлдарыңның өлімтігін жинадың.
Heгe оларға бермедің,
Байлығыңның жартысын?
Ата - Сібір сен бе едің,
Ата - Сібір армысың?

II
Зыряновтың лашығы,
Төрт орындық, бір стол.
Алда карта тұр ашулы
Әзірге тек жұмыс - сол.
Уақыттар... Уақыттар өтуде
(Жаңа қоныс болса игі еді құт мекен
Россия картасының бетінде
Шуша титтей нүкте екен.
Ойхой, тағдыр!
Қайда әкеліп тастаған
Туған жерден тым жырақ.
Отырды да, сәл жабықты жақсы адам,
Сәл жабықты тұнжырап.
Питердейін Ордасы да күрестің
Бір қиырда қалыпты.
Ести ме екен, біле ме екен мұны ешкім?
Жауыз тағдыр жас адамды налытты...
Зыряновтың лашығы.
Төрт орындық, бір стол.
Ульянов әлденеге ашулы,
Қандай іске кірісті ол?!
Толғантты ойлар жас жанды,
Ойды отыр ол түгендеп.
«Капитализм дамуы» деп басталды
Айдаудағы ұлы еңбек.
Капитализм Россия төсінде
Қазып жатыр өз көрін.
Қалтырап тұр өшуге
Өзі бітеп өз демін...
Уақыттар... Уақыттар өтуде
Бірін-бірі қуалап.
Ақ қағаздың - ақ майданның бетінде
Жауынгер ой атой салды уралап.
Россия - жерік Ана
Ауырды әлде толғатты.
Әзер-әзер демін ала,
Өзегінде бір ғаламат боп жатты.
...Күндер, айлар өтті арада
Уақытты реттеп.
Ульянов дертті Анаға
Жазып отыр рецепт.
Россия - Ульянов.
Бірі - Анасы, бірі - ұлы,
(Бір-бірінсіз жоқ күні).
Екеуі де бірге суып, жылынды,
Бірге көрді соққыны.
Екеуі де отқа бірге күюде,
Екеуі де ескі өмірмен алысты.
Шушадағы Зыряновтың үйінде
Міне, тағы табысты.
...Түн жарымы өтті де,
Мақпалменен тұмшалады Сібірді
Ульянов ойға шомып кетті ме,
Heгe жазбай кідірді?!
Емін-еркін көсіліп,
Ұйықтап кетті ңаламы,
Ульянов үнсіз отыр тесіліп,
Ұшқын атып жанары.
...Дегенменен жас адамға
Жалғыз қалу киын-ақ.
Көңіл ұқсап қашағанға,
Зытты үмітті жиып ап.
Ана жалғыз жанашырың
Анамен кім теңеспек?
Кейпі ғазиз Анасының
Өтті бір сәт елестеп.
Экран ғой көңіл деген
Барлық ойды өткізуде біріндеп.
Уайымға берілмеген
Надя тұрды күлімдеп.
Сүйдің бе? - деп сұрағанға
Жоқ, - деп айту бір айып.
Жас адамға, ұлы адамға
Жар сүю де лайық.
Надежданы шақыртпақ жанына
Ойлап еді ана да.
Ойын үзіп, қалам алды ол тағы да,
Көңіл сырын ашпақшы боп Надяға.
Кейде жарқын, кейде тұйық жат елес.
Көңіл, көңіл...
Көңіл неткен адуын.
Жалғады ол, тек Надяға хат емес,
Құрып кеткір капиталдың дамуын...

III
- Күні-түні бітпейді екен жұмысың,
Күні-түні отырғаның телміріп,
Кеттік, әйда, туысым,
Жүр орманға, бой жазайық, сергілік.
Үлгірерсің, көп қой әлі уақытың
Бұл Сібірдің күні-түні, таңы аз ба!
Тасташы әрі, қалса-дағы бақытың
Осы ала қағазда!
Жазғаныңмен мың сан арыз, мың сәлем
Патша-ағзам босатпайды,
Текке кетер үмітің.
Кеттік әйда!
Танысып қайт Шушамен,
Кеттік әйда, жігітім.
Ауру адам тамырындай тым баяу
Жалқау Шуша әзерге ағып барады.
Жас жапырақ бірде қалғып, бірде ояу,
Аймалайды жағаны.
Дамыл таппай, тобын жазбай, ән салып,
Маса, шіркей, құстар біткен жүр ұшып.
Ұзын тұмсық көкқұтан да тамсанып,
Жағада отыр құнысып.
Ақ шағала сызып өтіп су бетін
Бар өнерін көрсетіп жүр қайталап.
Көргісі кеп көкжиектің суретін
Шошып түсті күміс қарын май шабақ.
Ақ жаулығын сыпырып ап Шушаның
Тәлкек етіп тұр сағым.
Ульянов әлдеқандай ойда отыр
Аясында бәкене өскен шыршаның.
Бір қарт келді
Алқам-салқам киінген.
Белі еріксіз кәрілікке иілген.
Қарт - Сібірмен түйдей құрдас, тетелес
Күңіреніп жағада тұр диірмен.
Қарт саусағы сала-сала
Тамырындай еменнің,
-Есеп бе, ұлым, бала-шаға,
Heгe отырсың, не көрдің?
Сақалыңа баласам,
Сібірлік пе деп қалам.
Ал өзіңе қарасам,
Жүзіңді күн қақпаған...
-Мені осы Шушаның
Біледі ғой бәрі де.
Өзің ойлап біл, шалым,
Ойлап көрші әлі де.
-Мені де осы Шушаның
Білуші еді бәрі де.
Бунтарь ұлдың бірі ме деп, тұр шалың,
Ұшыраған патша-ағзам кәріне.
- Солай-ды, әке, солай-ды,
Жасырар сізден сыр бар ма?
Бунтарь болмай болмайды
Патша-ағзам тұрғанда...
Бар әңгіме осыменен тынғандай,
Бишара қарт біраз кейіп отырды.
Дәл төбеде Исус қарап тұрғандай,
Шошыды қарт.
Шошыды да, шоқынды:
-Тәңірім-ай, қайтпексің бұл халықты .
Өзіңді де танудан жұрт қалыпты.
Жұмыр басты пенделерің жынданып,
Барса келмес тамұқка бет алыпты.-
Деді де қарт кете барды жолымен
Пәтуәсіз шым-шытырық бір ойда.
Бірге ілесіп бара жатты онымен
Патша да, пайғамбар да, құдай да.
...Аптап, азап...жиып алып бәрісін
Қонағына күн кетті.
Ойы уланған адамзаттың бәрі үшін
Ульянов ойлануға міндетті.
Патшадан да, құдайдан да,
Соққы көрген халықты
Құтқаруға күш керек...
Қандай шара істемек?!
Ауру адам тамырындай қыбырлап,
Жалқау Шуша әзер-әзер ағады.
Жел тайғаға, тайға желге сыбырлап,
Сібір қалғып барады.
Алма-кезек енге басты басқа да,
Жамырады ымырт та.
-Халқың жатса қара түнек қапада
Халқың да жоқ қуануға, ұмытпа!
Аптап, азап...
Жиып алып бәрісін
Ауыр жүгін арқалаған түн жетті.
Әлгіндегі ойы уланған шал үшін
Шал үшін де ол ойлануға міндетті.
Аспан ашық. Соқты міне түнгі ызғар.
Алыста тұр Саян тауы,
Шың құздар.
Жердің бетін тамашалап, қызғанып,
Жабыла бір қарайды кеп жұлдыздар.
Тым ғарышта тұрса дағы өздері
Биік санап қарайды кеп өзгені.
Қарай-қарай қайсыбірі төзбеді,
Аппақ нұры ағып түсті көздегі.
Жер мен көктің арасын
Түн жауыпты,
Ульянов білмепті.
Бұл өмірдің ағы менен қарасын
Анықтауға, жалықпауға ол міндетті.

IV
Жаңа жыл. Қар аппақ.
Талауратып, талмаусырап күн шықты.
Тиісерге қара таппай жалақтап,
Тентек аяз өз деміне тұншықты.
Ақ қайыңдар қардан алқа тағынып,
Шаттануда шалқайып,
Ата - Сібір ақ күпісін жамылып,
Жата кетті жантайып.
Кәрі емендер қарс айрылса шатынап,
Уһілесе атырап,
Жан сауғалап, пана іздейді, зытады
Қоян дейтін ақымақ.
Мылтық даусы...
Кетік ерін құлап түсті тоңқалаң,
(Ұшырады ол алласының кәріне).
Қорқақ қоян артық емес сорпадан
Қорқақтардан сорпа жақсы, әрине...
Ойлар... Ойлар, сан ойлар
Ойды қуып, күндер өтті, түн де өтті.
Ұлы еңбектің бітуіне талай бар,
Бітіруге міндетті.
Алып Отан азап, сорын арқалап,
Дем алады күрсініп,
Капитализм тырнағынан қанталап,
Дөңбекшиді тіршілік.
Капитализм - сараң бай,
Майға бықты оның қанды шеңгелі,
Дүииені бірақ қылғып алардай,
Өзеурейді өңмені.
Ульянов қиялы
Сан тарапқа самғай берді алыстап,
Анықтады ол бүкіл Россияны
Түл капитал құл етіпті жаныштап.
...Шуша ұйқыда,
Сібір жатыр түс көріп,
Жастық етіп
Саянды.
Долы аяз оята алмай тістеніп,
Шатынап бір шорт сынуға таянды.
Ақ мамыққа еркін еніп кете алмай,
Алжасты аяз, кідірді.
Сынып түскен металдай
Сыңғырымен мазалайды Сібірді.
Енисейдің шанағы да шатынап,
Қирап бітті біршама.
Бүкіл Сібір, бүкіл тайпа, атырап
Мойнын созып, қарайды кеп Шушаға.
Жалғыз ғана Шушада,
Жалғыз шырақ тұр жанып.
Ұзақ түнді ұзатып caп, мұншама
Отырған кім сұрланып.
Отырған кім бас көтермей іске еніп,
Талмай күтіп таң нұрын?
...Россия ұйықтап жатыр түс көріп
Осы адамға табыс етіп тағдырын.
Таңға жуық. Аяз әлі күшінде.
Саян тауын асып әрі түн кетті.
Ұйқыдағы Россия үшін де
Осы бір жан ұйықтамауға міндетті.
Ел тағдырын арқалаған мұншама
Осы бір жан кім еді?
Талмай соққан Шушада
Ульянов - Россия жүрегі.
...Ертеңгілік, сүттей таза күллі жан.
Аяз барып әлдеқайда жайғасқан.
Жалғыз ғана терезелер тұр қарап.
Ашық ауа. Айнала аппақ, айна - аспан.
Қыз - қайыңдар үсітіпті өкшесін,
Аязбенен асыр салып шалғайда.
Ақ ваннаға малып қойып бөксесін
Отыр село,
Тері шығып маңдайдан.
Шелек алып, алма беттер албырап,
Келіншектер бара жатты суатқа,
Маң төбеттер қыңсылайды маужырап,
Болар-болмас шуақта.
Ала қанат сауысқан
Ол да өзінше қызықтар.
Бір-біріне бірдеме деп дауыстап,
Үй алдында күйбеңдеп жүр мұжықтар.
Алыс Саян тауларына ой тастап,
Ульянов әлдеқандай тұр ойда.
Бай ауладан жолға шықты ойқастап,
Қоңыраулы тройка.
Шүу, тройка!
Бұрқыратты жол үстін,
Айнала қар ақ-айдын.
Осынау бір тірлігіне орыстың
Ульянов тамашалап қарайды.
Ортасында осынау бір қоныстың
Қомсынады ол бір өзін.
Буырқанған тройкадай орыстың
Ұнатады ол мінезін.
Дала жатыр оранып ап кебінін
Дала әзірге тұрмас-ты.
Желпіп өтіп Ульянов көңілін
Жеңіл ғана мұң басты.
«Ана, Надя!
Бәрі алыста,
Есен бе екен достарым,
Питер - Сібір...
Жер мен көктің арасы.
Айдан асты, сайтан алғыр почтаның
Кешігуін қарашы...
Тірі адамға сыр ағытар дос керек,
Надя, Надя!..
Сен келмесең болмайды.
Егіз өмір секілденіп қос терек
Көктемесе ол - қайғы.
Бес-ақ сөзбен барлық сырын білдірді,
Бес-ақ сөзде бар махаббат уайым.
Бес-ақ сөзбен ойын айтып үлгірді,
«Келші, Надя, болшы менің жұбайым

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!