Мұқағали Мақатаев (Жұмыстан соң)

 Мұқағали Мақатаев (Жұмыстан соң)

Қажып тұрмын, несіне жасырайын,
Әкелші, ата, бар болса насыбайың.
Азан-қазан шулаған қапақ бастан
Құрып кеткір даң-дұңды қашырайын.
Айтшы, ата, әкемді көріп пе едің?
Ол да меңдей жан ба еді желікпелі?
Ол да мендей шақшаңа құмар болып,
Сергіп бір қайту үшін келіп пе еді?
Ол да мендей шолжаңдап жүріп пе еді?
Саяқ па еді, болмаса күлік пе еді?
Болмаса дүйім елді дүбірлеткен
Бағзы біреулердей бүлік пе еді?
Мұрагері емес пе ем арт жағында,
Әкеме тарттым ба, ата, тартпадым ба?
«Ата көрген оқ жонар» деуші еді ғой
Байырғы атамыздың салттарында.
Айтшы, ата, әкемді көріп пе едің?
Ақыл-кеңес оған да беріп пе едің?
...Оу, ата, мұның қалай, жарамайды
Несіне көз жасыңа ерік бердің?!
Көрсетпе көз жасынды, жасымаймын,
Әкем өлсе, мен бармын несі уайым!
Әкемдей бір атайын шертіп тұрып,
Әкелші, тәуір екен насыбайың

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?