"Эйр Астананың" жолсеріктері қазақ тілін үйренуге кірісті


"Эйр Астана" компаниясының жолсеріктері қазақ тілін меңгеріп жатқандығын ОКҚ брифингісінде әуекомпанияның Үкіметпен байланыс бойынша аға вице-президенті Ербол Оспанов мәлімдеді.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады

"Проблема бар екенін білеміз. Тапсырма берілді. Министрдің бақылауында", - деді ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұро

Естеріңізде болса, 2013 жылы қазақстандық ұшақтарда жолсеріктердің қазақ тілін меңгермегендігі бойынша бірнеше жанжал орын алған болатын.

Аталмыш компанияның вице-президенті Ербол Оспанов "Эйр Астана" жолсеріктерінің мемлекеттік тілді жетік меңгеруі бойынша үлкен іс атқарылып жатқандығын жеткізді.

"Эйр Астана" әуекомпаниясының жолсеріктерінің барлығы жолаушыларға қызмет көрсетеді. Олар әр түрлі ұлттың өкілдері, барлығы - 1200 адам. Оларды жұмысқа қабылдағанда алғашқы талап қазақ тілі мен ағылшын тілін білуі болады. Кейінірек ақпаратты сол тілдерде оқу, жолаушылармен әңгімелесе алуы да қаралады.

Сонымен қатар, жолаушыларды бір-бірімен алмастыру бағдарламасы да бар. Егер жолсерік қазақ ұлтынан болмаса, оған өзге тілде сөйлеп кету оңайға соқпасы анық. Сондықтан, қазақ тілін одан жақсы білетін жолсерік сол жолаушымен сөйлеседі.

"Тіл меңгерудің түрлі бағдарламаларын жүргізіп келеміз. Мәселен, "Эйр Астана" компаниясының жолсерігі Сергей Орлов қазақ тілінен өткен байқауда бірінші орынды жеңіп алды", - деді Оспанов.

Айта кетейік, жолсеріктердің қазақ тілін білмеуі ұшақтарда жанжал тудырып жатыр. Мысалы, 2013 жылы он сегізінші қаңтарда SCAT компаниясының ұшағында Атырау облысы Мақат ауданының бұрынғы әкімі Мейрамбек Білғали мен ұшақ жолсерігі арасында дау туған.

Ол орындықтағы қазақша жазудың қатесіне ашу шақырған еді. Конституциялық құқығының тапталғанын айтып, шағым және ұсыныстар кітапшасына шағымын жазып кеткен болатын.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!